Қазақстан саяси қуғын-сүргін құнбандарын еске алуда. Осы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніндегі ескерткіш тақтаға гүл шоғын қою рәсіміне қатысты. Іс-шараға саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының туыстары мен жақындары да келді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқының бастан өткерген кезеңдерін әрдайым есте сақтап, бүгінгі күннің қадіріне жете білуі қажеттігін айтты.

 

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - 31 мамыр – қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні мемлекет басшысының жарлығымен 1997 жылдан бері атап өтіледі. ХХ ғасырдың 30-40-жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргін миллиондаған адамға қайғы-қасірет әкелді. Ақмола облысындағы «АЛЖИР» лагеріне қуғынға ұшырағандардың әйелдері қамалған. Бүгінде оның орнында мемориалдық музей кешені құрылып, жұмыс істейді. Биыл ашылғанына 10 жыл болған музейде қазір жүздеген құжат, 20 мыңға жуық мәлімет бар. Бұл экспозиция тұтқын Минск тұрғыны Роза Цыпкинаға арналған. Ол мына хатты ол 1938 жылы лагерьде отырып ұлы Бэнге жазыпты. Бірнеше жылдан кейін калифорниялық Маргарита Сифчик аталған хатты қайта сөйлетті. Ол былтыр «Алжир» мемориалды-музей кешенінде болып, АҚШ-қа оралғаннан кейін достарымен аталған тағдыр иесінің өмірбаянымен бөліссе керек.

 

РАИСА ЖАҚСЫБАЕВА, «АЛЖИР» МЕМОРИАЛДЫ-МУЗЕЙ КЕШЕНІНІҢ БАС МАМАНЫ:

 - Ол өз елінде «Мен Қазақстанда болдым, Алжир деген музей кешенін араладым деп әңгімелеп берген. Сонда достарының бірі Алжир деген сөзді естігенде «менің анам сонда қамалған еді» деп көзіне жас алыпты. Ол Цыпкинаның ұлы Бэн болса керек.

 

Араға уақыт салып Маргарита Қазақстанға қайта оралып, музей қызметкерлеріне Роза Цыпкинаның ұлы Бэнмен кездескенін айтады. Музейдегілер онымен байланыс орнатқысы келді, алайда Бэн аса қызығушылық танытпапты. Бірақ, анасының оған арнап жазған хаттарын әлі сақтап жүр екен. 

 

РАИСА ЖАҚСЫБАЕВА, «АЛЖИР» МЕМОРИАЛДЫ-МУЗЕЙ КЕШЕНІНІҢ БАС МАМАНЫ:

 - Хаттар 1937-38 жылдары жазылған. Онда Роза Цыпкина жағдайының ауыр екендігін жазып, ұлынан не істеп жүргенін сұрастырады. Ақыры туыстары өткеннің естеліктері - сол хаттарды Маргарита арқылы біздің музейге табыстады. Интернет арқылы емес, кәдімгі пошта арқылы түпнұсқаларын салып жіберді.

 

Роза сияқты «Алжирдің» азабын 20 мың әйел тартты. Деректерге сүйенсек, өткен ғасырдың 3-40-шы жылдары Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілген. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер