Қазақстан мен Сауд Арабиясының ғалымдары тәжірибе алмасып, бірлескен ғылыми жобаларды қолға алмақ. Еуразия ұлттық университеті мен Король Фейсал атындағы Исламды зерттеу орталығы арасында тиісті меморандумға қол қойылды. Қазіргі таңда аталмыш орталық өз елінің ғылыми және мәдени-ағартушылық мекемелерінің ішінде алдыңғы қатарда. Астанаға жұмыс сапарымен келген орталықтың басқарма төрағасы ханзада Турки әл-Фейсал әл Сауд келісімнің екі ел үшін де аса тиімді екендігін атап өтті. Король әулетінің өкілі Астанаға жұмыс сапары барысында оқу орнының студенттеріне Орта Азия мен Араб әлемінің тарихи-мәдени байланысы жайлы дәріс оқыды.

 

БАУБЕК СОМЖҮРЕК, Л.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ПРОРЕКТОРЫ:

 - Енді осы меморандум арқылы біздің студенттер, магистранттар тек қана араб тілін оқуға ғана емес, Сауд арабиясына барып ғылыми-зерттеумен айналысуға жақсы мүмкіндік алып отыр. Біздің ойымызша, осы меморандум арқылы Сауд Арабиясы мен ҚР арасындағы қарым-қатынас арықарай нығаяды.


Іс-сапары барысында ханзада тек білім саласына ғана емес, мәдениет, спорт, музей ісін дамыту сынды мәселелерге де назар аударды. Бұл үшін ол Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен кездесу өткізді.

 

ТУРКИ ӘЛ-ФЕЙСАЛ ӘЛ-САУД, ИСЛАМДЫ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

 - Іс-сапар барысында Мемлекеттік хатшы, Сенат төрағасы және Тұңғыш Президент кітапханасының директорымен де кездестім. Астанада Король Фейсалға арналған көрме ашылды.  Бұл көрме  Сауд Арабиясынан тыс алғаш рет өтіп жатыр. Қазақстанмен байланысымыз одан әрі нығая түседі деген сенімдемін. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер