Елімізде қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының үкіметтік іс-шаралар жоспары әзірленді. Бұл туралы Ақордада Рухани жаңғыру жөніндегі ұлттық комиссияның екінші отырысы кезінде айтылды. Премьер-Министр кеңсесінің басшысы Нұрлан Алдабергеновтің айтуынша, сандық технологияларды енгізіп жобаны іске асыру үшін ағымдағы жылдың бюджетінен 591 млн теңге бөлініп, бірқатар министрліктерге үлестірілетін болады.

 

ӘДІЛБЕК ЖАҚСЫБЕКОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ӘКІМШІЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ:

 - Қазіргі кезде рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру жұмысы  басталды. Оған барлық орталық, жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қоғам институттары қатысып жатыр. Өздеріңізге белгілі ұлттық комиссиясы жұмыс топтары нақты жоспарларын жасап, жан-жақты жұмыс жүргізіп жатыр. Бүгінгі отырыста біз осы аралық кезеңдегі атқарылған жұмыстардың есебін тыңдаймыз.

Қазір негізгі 6 бағыт бойынша құрылған жұмыс топтарында жүйелі іс-шаралар атқарылып жатыр. «Туған жер», «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Латын әліпбиіне көшу», «Қоғамдық сананы жаңғыру» сынды бағыттарда жұмыс басталып кетті.

 

АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

 - 6 негізгі бөлімдердің барлығына Мәдениет және спорт министрлігінің тікелей қатысы бар. Бұл – бізге үлкен жауапкершілік. Осы бағдарламаны біз іске асырсақ, Елбасымыз айтақндай, Қазақстанның келешегі мүлде басқаша болады. Неге десеңіз, әр халықты қалыптастыратын оның рухани байлығы мен сана сезімі. Ал бұл бағдарлама әрине біздің сана сезіміміздің жоғарғы деңгейге жетуі, жоғарғы құндылықтарымыздың сақталуы, сонымен бірге дүниежүзіне Қазақстан кім дегенде мақтанышпен айтуымыз керек.

 

ЕРЛАН СЫДЫҚОВ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ МҮШЕСІ:

 - "Туған жер" деген бағытының тең төрағасы болып есептелемін. Біз бұл бағытта жаңаша іске асыруға кірістік. Орталық жобалық менеджерлік офисін аштық. Бұл дегеніміз жұмысты атқарудың әлемдегі ең тиімді методикасы болып есептеледі.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер