Елордада «Шығыстан қоныстанушылар» атты ғылыми жинақтың таныстырылымы өтті. Кітапқа көзі тірісінде түркі қоғамы «қыпшақтың шырақшысы» атап кеткен венгр ғалымы Иштван Қоңыр Мандокидің зерттеулері мен мақалалары еніп отыр. Жинақта түп тамыры бір көшпенділердің тарихы, мәдениеті, салт-санасы мен жер-су аттаулары жайында дәйекті деректер келтірілген.

 

БОЛАТ КӨМЕКОВ, ШЫҒЫСТАНУШЫ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

 - Еңбекте біздің руханиятымызға байланысты дүниелер бар. Біздің дүниетаным, дінге байланысты. Жалпы түріктердің сана сезімін көтеретін дүниелер бар.Сонымен өте құнды.

 

Орта ғасырда дешті қыпшақ даласында бір атадан тараған ұлыстың жаугершілік заманда жан-жаққа тарап кеткені белгілі. Оның бір бөлігі батысқа жер аударып мажар елінің іргесін қалады. Ұлы даланы атамекенім деп білетін венгерлік этнограф Давид Шомфай Қара қазақтар мен мажарлардың туыстық байланысын зерттеп келеді. Сондықтан елімізге ұстазының ортақ өркениет пен мәдениеттен сыр шертетін еңбектерін бір ғылыми жинаққа топтастырып әкелуді жөн санапты.

 

ДАВИД ШОМФАЙ ҚАРА, ТАРИХШЫ, ЭТНОГРАФ:

 - Кітап тек қана мажар тілінде болған. Мажар тілінде жазылған. Енді оны біз ағылшын тіліне аударып бүкіл дүниеге танытамыз деп шығардық. Тіліміз басқаша болса да, тарихымыздың тамыры бір жерден басталады деп білеміз. Жалпы, түрік халықтарын соның ішінде әсіресе қазақтарды бауырлас, туыс ел деп санаймыз.

 

Кездесу барысында Ұлы дала мәдениеті үшін тер төккен Қоңыр Мандокидің өнегелі өмірі жайында түсірілген деректі фильмнің тұсауы кесілді. 30-дан астам тілде еркін сөйлеп, жазған ХХ ғасырдың көрнекті түркологы Иштван Қоңыр Мандоки – қыпшақ, венгр тілдеріндегі көптеген танымдық кітаптың авторы. Ғалымның тұшымды еңбектері мен құнды қолжазбалары халықаралық түркі академиясының қорында сақтаулы.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер