Шетелдіктер ЭКСПО нысандарымен танысты. Елордаға Үндістан, Қытай, Иран сынды елдердің туристік компанияларының өкілдері, блогерлер мен журналистер келді. Олар ақпараттық тур аясында мамандандырылған халықаралық көрме аумағын, «Recommended by EXPO» бағдарламасына қатысатын қонақ үйлер мен Астананың көрікті жерлерін аралады. Шетелдік меймандар тобы үшін мұндай тағы 8 тур өткізу жоспарланып отыр. 

 

ӘСЕЛ ҚАРБАЕВА, «АСТАНА КОНВЕНШН БЮРО» МЕНЕДЖЕРІ:

 - Біз келген елдердің туристтік индустрия өкілдерімен меморандумға қол қойдық. Қонақтарымыз Астананың медициналық, спорттық мекемелерінде де болды. Экскурсия барысында «Сарыарқа» велотрегіне барып қайтты. Нысандар келушілердің көңілінен шықты.

 

НЕХРА ТАРА ЧАНД, ТУРИСТІК ОПЕРАТОР ӨКІЛІ, ҮНДІСТАН:

 - Біз биыл ЭКСПО көрмесіне 3 мыңға жуық турист жіберуді жоспарлап отырмыз. Алдымен өзіміз келіп, меймандарға жасалған жағдайды, аралайтын жерлерді байқауды жөн көрдік.  Енді туристерге ұсынатын боламыз.

Ақмола облысы - еліміздегі ең танымал туризм орталықтарының бірі.  Және де өңір ЕХРО көрмесі өтетін елордаға жақын орналасқан. Аймақтағы жүзге жуық туризм нысаны бүгінде халықаралық шараға қызу дайындық жүргізіп жатыр. Қазірдің өзінде өңір бойынша EXPO қонақтары үшін 30 туристік бағыт ұйымдастырылды. Елімізге келетін шетелдік меймандарды тасымалдаумен аймақтың 68 туркомпаниясы айналысады.

 

ШЫНАРБЕК БАТЫРХАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Жазғы уақытта біздің Бурабайымыздың өзіне 500 мыңнан астам турист келеді. Соның бір 100 мыңын ең кемінде ЕХРО-ға апаруымыз керек деп өз алдымызға мақсат қойып отырмыз. Қазіргі кезде біз жастардың қатынасуына көп көңіл бөлуіміз керек. Оларға сондай мүмкіншілік туғызуымыз керек. Тек қана мектептердің өзінен 20 мыңнан астам оқушы барайын деп отыр. Ол үшін үлкен жұмыс өткізіліп жатыр.

Ақмола облысының тұрғындары EXPO-2017 халықаралық көрмесін тамашалауға үлкен қызығушылық танытып отыр. Бүгінде халықаралық көрмеге 30 мыңнан астам ақмолалық билет сатып алған. Әйтсе де, жауапты мамандар аймақтан көрмені тамашалауға баратындар саны әлі деп артады дейді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер