Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына орай Алматы облысында ауқымды іс-шара бастау алды. Елтаңба авторларының бірі - Жандарбек Мәлібеков аймақтағы оқушылармен және жастармен кездесті. 

 

ЖАНДАРБЕК МӘЛІБЕКОВ, ЕЛТАҢБАНЫҢ АВТОРЫ:

 - Біздің елтаңбамыз, туымыз,  әнұранымыз қазақ даласына біткен, көнеден келе жатқан біздің рухымыз.  Сол рухымыз тағы да жаңғыру үшін, осыны тағы түсіну үшін осындай шаралар болғаны дұрыс.

Кездесуге келген жастар жастар мемлекеттік рәміздердің пайда болу тарихы жайында деректі фильмді зерделеді. 25 жылдыққа арналған дәл осы акция енді жалпы аумағы 25 мың шаршы шақырымды құрайтын облыстың барлық ауданында кезек-кезегімен өтуі керек.

 

БЕЙБІТ НАЗАРОВ, ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ:

 - Негізгі мақсат - көк туымызды биікке көтеріп, жастардың патриоттық сезімін оятып, елімізді 25 мың шақырымда жүгіріп өту.

Алматы облысында мемлекеттік рәміздерді насихаттау бағытында бұдан басқа да шаралар ұйымдастырылады. Акцияға жалпы 20 мың адам қатысады деп жоспарланған және ол аймақтың барлық елді-мекенін қамтиды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер