Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы бірін-бірі толықтыратын, өзара үйлескен жобаға айналды. Бейжіңде өткен «Қазақстанның Қытайдағы достары» клубының үшінші отырысында бас қосқан сарапшылар осылай дейді. Жиынның тақырыбы да «Нұрлы жол» мен «Бір белдеу, бір жол» бағдарламаларын  ұштастырудағы мәселелер» деп аталды. Бүгінде екі ел арасындағы әріптестік өз жемісін бере бастады. Қытайдың Еуразия кеңістігінде трансаймақтық коммуникацияларды дамытуға деген ұмытылысын көптеген елдер қолдап отыр. Ал Қазақстан Азиядағы ең ірі іскер, транзитті-логистикалық және қаржылық хабқа айналуды көздейді. Оған мультимодальды «Еуразия трансқұрлықтық көлік дәлізі» өз септігін тигізеді, дейді қытайлық сарапшылар.

 

СУНЬ ЛИ, РЕСЕЙ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Елшілік ұйымдастырған дөңгелек үстелде талқыланған мәселелер өте маңызды болды. «Ұлы жібек жолы» стратегиясы мен «Нұрлы жол» стратегиясы аясында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы пікір алмастық. Екі ел басшыларының салып берген сара жолы, қазіргі уақытта біздің басты бағдарымызға айналды. Жиында сарапшылар осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар мен әріптестікті одан әрі нығайту бойынша құнды пікірлерімен бөлісті. Гуманитарлық саладағы байланысты арттыруға ерекше көңіл бөлдік. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер