Алматыдағы Президент Архиві өз қорында сақталған латын графикасындағы құжаттарды жариялады. Мына құжат араб әліпбиінен латын графикасына ауысқан кезеңнен сыр шертеді. 9 ғасыр бойы Қазақстанда араб әліпбиі қолданылып келді. Тек 1929 жылы 7 тамызда «Біртұтас түркі алфавитін» енгузі туралы қаулы қабылданады. Ал 12 жылдан кейін қазақ жазуын кириллицаға ауыстыру туралы заң шықты.

 

БОРИС ЖАПАРОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Бұл жерде құжаттармен қатар, сол уақытта Қазақстан баспаларынан шыққан латын әліппесіндегі кітаптар. Көрнекті жазушымыз Мұхтар Әуезовтың Айтбай Хангелдиннің «Дудар-ай» операсына жазған либреттосына берген өзінің пікірі, сыны осында келтірілген. Ол да латын әліппесімен жазылған болатығын.

Елбасы өз мақаласында латыншаға көшудің терең мәніне тоқталып, бұл жаңа технологиялық ортаның, ғылым мен білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты екенін баса айтады.

Блиц №1. «Жазу жеңіл, оңай. Маған ол ұнайды әрине. Мен оны қолдар едім егерде қабылдап жатқан болса ол заңды».

Блиц №2. «Латын әліпбиіне көшу әрине осы біздің жастағы азаматтарға, бізден үлкендерге қиындау болады».

Блиц №3. «Бізге бұл оңай болып келеді. Негізінде біздің ауысқанымыз дұрыс деп ойлаймын».

Қазақстан 2025 жылдан бастап латын қарпіне көшуді жоспарлап отыр. Осы жылдың соңына дейін қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай нұсқасы қабылдануы тиіс. Ал, 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандар мен орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындау қолға алынады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер