БҰҰ-ында ядролық қаруды қолдануға, әрі таратуға тыйым салатын конвенция қызу талқыланып жатыр. Жаңа құжатты былтыр желтоқсан айында ұйымның бас ассамблеясы қабылдаған болатын. Жаппай қырып-жоятын қаруға заңдық тұрғыда тыйым салатын конференцияны өткізу туралы қарарды 123 мемлекет қолдаған. Алайда жойқын қаруы бар елдер жаңа құжатқа қарсы дауыс берді. БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гуттериш осы мәселеге қатысты үкіметаралық келіссөздің ашылу рәсімінде ядролық қарусыз әлемге қадам басу бұған дейін мұншалықты маңызды болмағанын айтты. БҰҰ Бас ассамблеясының отырысына қатысушылар жаппай қырып-жоятын қаруды қолданбау әрі таратпауда Қазақстанның айтарлықтай рөлін атап өтті.

 

ДЖОНАТАН ГРЭНОФФ ҒАЛАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге осы жылы қол қойылуы керек. Себебі адамзатқа қандай қауіп төніп тұрғанын айтпаса да түсінікті. Қазақстан - жаппай қырып-жоятын қарудың зардабын тартқан ел. Сондықтан қазақ елі бұл мәселеде алдыңғы қатарда жүргенін мақтанышпен айта алады. Ғаламдық қауіпсіздік институтының президенті, әрі қарапайыз америкалық азамат ретінде ядролық қарусыз әлемді құрудағы ролі үшін Н. Назарбаевқа үлкен алғыс айтқым келеді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстанның бейбіт бастамаларына үнемі қолдау білдіріп келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. 21-ші ғасыр» манифесі Ұйымның ресми құжайтына айналғаны белгілі. Және оны тек дипломаттар ғана пайдаланбайды. Манифест шетелдік журналистер үшін де маңызды ақпарат көзіне айналып отыр. «Американ Телевижн Ньюс»-тің бас редакторы Ахмед Фатхи Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы жаһандық сын қатерлерге жауап іздеуге септігін тигізеді деп санайды.

 

АХМЕД ФАТХИ «AMERICAN TELEVISION NEWS» БАС РЕДАКТОРЫ:

 - Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде,  жаһандық қауіпсіздікті сақтап, дамуға  бағытталған орынды бастамаларды көтеріп отыр. Бұл ұсыныстар әлемде бейбітшілікті сақтау үшін өте қажет. Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев "Әлем. ХХI ғасыр" манифесін жариялаған кезде, бейбітшілік Қазақстанның ұстанған саясатының басым бағыты екенін атап өтті.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер