Қазақстанның электролиз зауыты аллюминийдің екі миллионыншы тоннасын балқытты. Елімізде өндірілетін бұл металдың бүгінде экспорттық әлеуеті жоғары. 2007 жылы жұмысын бастаған, алпауыт кәсіпорынның жылдық қуаттылығы 250 мың тонна алюминий шығаруға есептелген. 

 

РИНАТ ҚАПАНОВ, ӨНДІРІСТІҢ АҒА ШЕБЕРІ:

 - Қазіргі таңда 288 электролиз жұмыс істеп тұр. Бұл дегеніңіз жылына бізде 250 мың тонна алюминий өндіріледі. Біздің алюминий ресми түрде Лондон металл биржасында тіркелген. Бұл – оның жоғары сапалы екенінің дәлелі.

 

2016 жылдан бастап кәсіпорын отандық үлесті ұлғайтуға бағытталған кең ауқымды бағдарламаны қолға алды. Осының арқасында Қытайдан тасымалданып келген құйма қалыптардан толықтай бас тартты. Алюминий өндірісіне Павлодарда шығарылатын қыздырылған мұнай коксын пайдаланады. Кәсіпорын басшылығы келешекте қанатты металлдан дайын өнім шығаратын зауыттармен келіссөздер жүргізіп жатқанын атап өтті.

 

РОМАН РОМАНОВ, ҚАЗАҚСТАН ЭЛЕКТРОЛИЗ ЗАУЫТЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Біз осы жылдың өзінде 19 мың 800 тонна алюминийді ішкі нарыққа шығарамыз. Осылайша қанатты металдан  түрлі бұйымдар жасалады. Қыздырылған анод пен алюминий өндірісіне қолданылатын шикізат көзінің 90 пайызы Қазақстандық өнімнен тұрады.

Заманауи металлургиялық зауыттың табысты жұмыс істеуі өзге кәсіпорындардағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Мысалы өндіріс іске қосылған 10 жылда 29 миллиард киловат/тсағат электр қуатын тұтынған. Төрт миллион тоннадан астам глинозем өңделіпті. Бастапқы алюминийден тұрмыстық бұйымдар жасайтын жаңа зауыт Павлодардың арнайы экономикалық аймағында салынып жатыр. Ал металлургтердің қажырлы еңбегінің арқасында алынған 2 миллионыншы тонна алюмюиний экспортқа жөнелтіледі.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер