Алматыда Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығы ашылды. Мекеме Қазақстан мен АҚШ Энергетика министрліктерінің арасындағы әріптестік аясында құрылып отыр. Оқу орталығын құру келіссөздер 2005 жылы басталған. Мұнда ядролық материалдарды қорғау, есепке алу, бақылау және оны заңсыз пайдалануға қарсы әрекет жасау саласының мамандары дайындалады.

 

ЕРҒАЗЫ КЕНЖИН, ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Үлбі металлургиялық зауытының жанынан ашылатын Ядролық отын банкі төмен байытылған уран халықаралық қорының қызметкерлері де осы жерде дайындықтан өтеді. Алғашқы 2-3 жылда қазақстандық мамандар мен қатар МАГАТЭ-нің, АҚШ пен Жапонияның мамандары дәріс оқиды.

 

Ядролық технологиялар қазіргі таңда энергетика, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы мен медицинада кеңінен қолданылады. Сондай-ақ, аталған технологияларда қолданылатын материалдардан «лас бомба» деп аталатын қару жасауға да болады. Ал, оның лаңкестердің қолына түспеуін қатамасыз ету – әрбір мемлекеттің міндеті.

 

ДЖОРДЖ КРОЛ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АҚШ ЕЛШІСІ:

 - Қазақстан ядролық қарудан бас тартып, батыл қадам жасады. Бұл АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты нығайта түсті. Қазақстан бізбен бірге әлемдегі ядролық қауіпті сейілту жұмыстарын  жалғастырып келеді.

«Әлемдегі ең ірі уран өнеркәсібі мен маңызды ядролық зерттеу инфрақұрылымы бар Қазақстан үшін осындай оқу орнының ашылғаны маңызды»,-дейді мамандар. Құны жарты миллиард теңге болатын орталық жақында алғашқы тыңдаушыларын қабылдайды. Келешекте бұл жерде Орталық Азия елдерінің өкілдерін де дайындау жоспарда бар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер