Астанада Отырардың тарихи жәдігерлерлері көрмеге ұсынылды. Экспозицияның барлығы дерлік тұпнұсқа. Көрмені алғашқылардың бірі болып елордалық оқушылар тамашалады.

 

ЕРАЛЫ ТӨЛЕНДІҰЛЫ, ОТЫРАР МЕМЛЕКЕТТІК АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРЫҚ-МҰРАЖАЙЫНЫҢ БАС ҚОР САҚТАУШЫСЫ:

 - Мұнда алып келген жәдігерлер жалпы үш кезеңге бөлінеді. Біріншісі мынау – мұсылман әскерлерінің Отырар өңірін жаулауы. Екіншісі – Отырардағы Моңғол шапқыншылығы. Шыңғыс ханның Отырарды қиратуы.

 

Үшінші кезең – жоңғар шапқынышылғы мен 20 ғасыр аралығындағы Отырардың өмірі. Көрмеде қару-жарақ түрлеріне қоса тұрмыстық заттар, ғылым, мәдениет, сауда-саттықтан сыр шертер дүниелерді де көруге болады.  

 

ЗЕЙНОЛЛА САМАШЕВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

 - Мұның өзі бір логикалық жағынан дұрыс нәрсе. Елде тек қана соғыс, жаугершілік емес одан басқа адамдардың тұрмыстарының ерекшеліктері, шаруашылығын, мәдениетін көрсетудің өзі дағы дұрыс.

 

Адамзат үшін аса құнды тарихи ескерткіш Отырар ЕХРО көрмесінің тарихи картасына енгізілген. Халықаралық шараға келетін шетелдік қонақтарға Отырар ауданында «Алаш» атты этно ауылы бой көтермек. Онда қазақтың салт-дәстүрінен бастап, тұрмыс-тіршілігін тамашалауға болады. Сондай-ақ, аты мәшһүр Арыстанбаб кесенесін аралап, аты әлемге әйгілі Отырар қаласының орнын көре алады.

 

ЖАСҰЛАН ТӨЛЕБЕКОВ, «ОҢТҮСТІК» ТУРИСТІК АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Отырар музейі құнды жәдігерлермен толығып, туристерге қызмет көрсетуге дайын. 200-ден астам түйе жылқылармен серуендей алады. Сонымен қатар, қазақи тандыр нан, құрт, жент.  

 

ЕХРО көрмесіне арнап облыста 2 бағыт бойынша маршут құрылған. Олар 3 және 5 күнге есептелген. Болжам бойынша көрме кезінде аймаққа 150 мың турист келеді деп күтілуде.     

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер