Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын неміс Бундестагының депутаттары талқылады. Саясаткер Андреас Янның пікірінше,  Қазақстан Президенті мемлекеттің дамуына серпін беретін тың бағдарлама ұсынды.

 

АНДРЕАС ЯН БУНДЕСТАГ КОМИТЕТІНІҢ ПАРЛАМЕНТТІК ХАТШЫСЫ:

 - Қазақстан Президентінің жаңа бағдарламасын қолдаймыз.  Қазақ тілін дәріптеу, латын әліпбиіне көшу – заман талабына сай бастама. Латын әліпбиі жастар үшін көп мүмкіндік ашады, әсіресе ақпараттық технологиялар саласында. Білім мен ағартуға тиісті көңіл бөліп, алға басу керек деп санаймын. Бұл тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жаңа дәуірдің басы деуге болады. Сондай-ақ мәдениет пен дәстүрді сақтап, тарихты да ұмытпау керек. Астанаға соңғы рет барғанымда Қазақстанның серпінді дамып жатқанын өз көзімен көрдім. Ауқымды жаңғырту жүргізу мақсатын қойған елге табыс тілеймін.

 

Қазақстан латын әліпбиіне көшкенде шет мемлекеттерде тұратын қазақтарға  ана тіліне бейімделу және атажұртымен байланыс әлдеқайда жеңіл болады. Нидерландтағы қазақ диаспорасының мүшесі, Амстердам университетінің студенті Арман Эрол осындай пікір айтты. 

 

АРМАН ЕРОЛ, ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

 - Латын әліпбиіне көшу Қазақстанның дүние жүзі елдерімен ықпалдасуына тағы бір серпін береді деп ойлаймын. Мұндай өзгерістен кейін тарихи Отанымызды Ұлы дала Елі ретінде бүкіл әлемге таныту бізге әлдеқайда оңай болады. Бұл мәселе мен сияқты, қазақ тілін енді-енді ғана үйреніп жүрген жастар үшін де жақсы болар еді. Бізге казір кирилл қаріпіндегі қітаптарды ана тілімізде оқуға уақыт көп кетеді. Ал латын әліпбиін пайдалансақ жылдам оқып кетеміз және елдегі жаңалықтарды ғаламтордан оқуға тағы бір мүмкіндік туады.

 

Қазақстан президентінің мақаласында білім беру саласын жетілдірудің айқын әрі тың тәсілдері баяндалған, дейді Украинаның  халықаралық білім мемлекеттік орталығының директоры Елена Шаповалова.

 

ЕЛЕНА ШАПОВАЛОВА, УКРАИНАНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Қазақстан мәдениетін сақтай отырып, жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты. Тіл тұрғысында келер болсақ, қазақ халқы тілді қарым-қатынас үшін ғана емес, өзіне қажет білімді алып, оны бойына сіңіру үшін үйренбек. Яғни олар ақпараттың аудармасын емес, түп нұсқасын оқып, айтылмақ болған негізгі ойды бірден түсіне алады. Аудармасын күтпейді. Бұл маңызды бастама, және біз бұған қызыға қарап, қолдау білдіреміз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер