Мемлекеттік қызметте әлеуметтік желілерді пайдаланудың канадалық үлгісі.  2 күн бойы канадалық маман Майк Куджаски осы саладағы тәжірибесімен қазақстандықтармен бөлісті. Тренингке қатысушылар - орталық және аймақтық биліктің баспасөз хатшылары. Олар бұқарамен байланыс орнатудың қыр-сырымен танысып, әлеуметтік желінің пайдасы мен кері әсері жайлы ой қозғады.

 

ӘЛИХАН БӘЙМЕНОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ӨҢІРЛІК ХАБТЫҢ БАСҚАРУШЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Ақпараттық технологиялардың дамуы және азаматтардың тарапынан мемлекеттік органдардың жұмысына деген талаптың күшеюі мемлекеттік органдарды квазибәсекелестік ортада жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Өйткені әр азамат ақпараттық технология арқылы өзінің тұрып жатқан жеріндегі шешімдерді басқа әлемнің түкпір-түкпіріндегі шешімдермен салыстыра алады.

Канадалық сарапшы елімізде әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланушылардың саны артуда деп отыр. Яғни жағдайды мемлекеттік органдар да тиімді пайдалана алулары тиіс.

 

МАЙК КУДЖАСКИ, КАНАДАНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОРДАҒЫ МАРКЕТИНГ БОЙЫНША ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ СЕРІКТЕСІ:

- Бізде де біраз уақыт бойы жоғарыда әзірленген бағдарламалар тұрғындарға жеткізілетін. Мұндай біржақты байланыстан біртіндеп арылдық. Қазіргі таңда Қазақстандағы билік өкілдері әлеуметтік желіге бет бұруда. Көп жағдайда Канадамен ұқсастықты байқаймын.

 

Сарапшының айтуынша, әлеуметтік желілер арқылы жұмыс істейтін маман ең алдымен стратегия құруы тиіс. Демек, ақпаратты таратпас бұрын нақты мақсаты мен оның түпкі нәтижесін болжай білу маңызды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер