Кремний алқабы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қолдау көрсетеді. Бұл туралы «Сиско» компаниясы мен «Зерде» Ұлттық ақпаратты-коммуникациялық холдингі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғаннан кейін белгілі болды. Жұмысқа Кремний алқабының жоғары технологиялық компанияларын жұмылдырудың себебі бар. Күнделікті өмірде қолданып жүрген көптеген өнертабыс идеялары нақ осы жерден бастау алады.

 

ӘСЕЛ ЖИЕНБАЕВА, «ЗЕРДЕ» АКХ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ:

 - Біз Силикон алқабында «Санды Қазақстан» бағдарламасын ойластырып жатырмыз. Осы мемлекеттік бағдарлама аясында бірқатар ірі компаниялармен келіссөздер жүргізіп келеміз. Таңдалған бағыттардың қатарында ақылды қала, индустриалды интернет, ауыл шаруашылығы мен смарт көлік салаларындағы жобалар бар. Мысалы, біз бүгін өздігінен жүретін көлік туралы талқыладық.

Қалалық инфрақұрылымның дамуы, қауіпсіздік пен жайлылық «Смарт Сити» деңгейін қалыптастырады.   

 

ӘСЕЛ ЖИЕНБАЕВА, «ЗЕРДЕ» АКХ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ:

 - Біз бүгін «Сиско» компаниясымен жаһандық меморандумға қол қойдық. Басты бағыттардың бірі – «Смарт Сити», яғни ақылды қала мен ақылды көлік жобасы болады. Біз пилоттық жобаны «Сиско» компаниясымен бірге елордамыз Астанада жүзеге асыратын болдық. Елбасымыздың жолдауы аясында адамзат өмірін әлдеқайда жеңілдететін әлемдік ойыншылармен күш біріктіреміз. Америка құрама штаттарында жаңа технологияны енгізу оңайға соқпайды. Ал Қазақстан жаңа ақпараттық технологияларды сынау үшін таптырмас ел.

Қазақстанның кремийлік әріптестері электронды үкіметті, тау-кен өнеркәсібі мен білім беру жүйесін жетілдіруге мән береді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер