Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қазаққа тән ұлттық құндылықтардың қайта түлеуіне жол ашып отыр. «25 жылда ұлттық экономиканы жаңғыртуға барынша күш салған еліміз көптеген стратегиялық бағдарламаны жүзеге асырды. Бүгінде озық мемлекеттер қатарына кіруге ұмтылып жатыр. Жаһандану әлемінде жойылып кетпеу үшін ұлттық тұтастығымызды сақтап қалуымыз керек. Осы тұрғыдан алып қарасақ, Елбасы еңбегі арқылы бізге рухани күш-қуат беріп отыр» - дейді зиялы қауым өкілдері. 

 

РЫСКҮЛ ШАҚАМАН, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ПРОФЕССОР:

 - Президентіміздің «ұлттық сананы жаңғырту, ұлттық кодты тереңде жатқан қайтадан шығарып, соны жаңаша әлемдік деңгейге, кеңістікке шығару» деген сөзі үлкен бізге рухани күш берді десем болады және біздің ары қарай ынтамен, белгілі бір мотивациямен жұмыс істеуімізге әсерін тигізіп жатыр. Осы жаңғырудың арқасында біз өзімізді басқа елге танытуға мүмкіндігіміз туып жатыр. Себебі ұлттық жаңғыру, ұлттық кодты жаңғырту деген сөз бұл жерде бүкіл біздің қазақы дүние танымымызды әлемдік кеңістікке, жаһандануға шығару.

 

Болашақта ең құнды дүние білім болады. Жоғары білімді һәм білікті  мамандар алтыннан да артық бағаланады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рухани жаңғыруға бағытталған мақаласын зерделеген неміс сарапшыларының ой-пікірі осындай.

 

ФРИТЬЁВ ФОН НОРДЕНСКЁЛЬДТ ГЕРМАНИЯНЫҢ ФРАНЦИЯДАҒЫ БҰРЫНҒЫ ЕЛШІСІ:

 - Президент Назарбаевтың қоғамды рухани жаңғырту туралы мақаласын зер салып оқып шықтым. Жаңғыртудың  маңызды тұстарының бірі бәсекелестік қабілеті екенін баса айтқым келеді. Болашақта жаңа жүйе арқылы сапалы білім алған жас буын үлкен артықшылыққа ие болады. Сондай-ақ,  бұрын қолданыста болған латын әліпбиіне қайтадан  көшу ұсынысы да маған ұнады. Осының көмегімен қазақстандықтар бүкіл әлемдегі  латын әліпбиімен жазылған құнды ғылыми еңбектерге қол жеткізеді.

 

Италиялық сарапшылар да Қазақстан басшысының мақаласымен таныс. Еуразиялық зерттеулер институтының директоры АндрЕа ДжаннОттидің айтуынша, соңғы 25 жылда елдегі тұрақтылықтың арқасында Қазақстан аймақтағы жетекші мемлекетке айналды. Сондықтан қазақстандықтар үшін дамудың негізі революция емес, эволюция болуы шарт.

 

АНДРЕА ДЖАННОТТИ, ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ /ИТАЛИЯ/:

 - Соңғы кездері болған революциялық оқиғалардың ешбірі жақсылықпен аяқталған жоқ. Мәселен, пост кеңестік кеңістіктегі төңкерістер, одан кейін Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстағы «Араб көктемі» төңкерісі бар. Жақсы аяқталмады дейтініміз, сол елдердің кейбірінде әлі күнге дейін азаматтық соғыс жүріп, тұрақсыздық жайлаған. Бұл - елдің экономикасы мен әлеуметтік дамуын тежеп, қоғамды қажытады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер