Түркия сарапшылары Қазақстан мүше болып табылатын Еуразиялық экономикалық одақтың әлеуетін жоғары бағалайды. Бұл туралы мәскеулік Экономикалық жоғары мектебінде ұйымдастырылған жиында айтылды. Сарапшылар экономикалық одақ пен Түркия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту жолдарын қарастырды. Түрік кәсіпкерлері еуразиялық бірлестікке мүше елдермен жаңа форматта жұмыс істеуге даярлығын жеткізді.

 

АЙДЫНБАШ ХАЙРЕДДИН, «EURASIAN HOUSE» ЗИЯТКЕРЛЕР КЛУБЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Бүгінде Қазақстан – жаһандық қарым-қатынастардың маңызды қатысушысы. Қазақстанның саяси әрі экономикалық рөлі өсіп отыр. Астанада өтетін ЕХРО-2017 қөрмесі осының дәлме-дәл айғағы. Казақстан мен Түркия қарым-қатынасының терең тарихы бар. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа елдермен де біз жақсы қарым-қатынастамыз. Бұдан былай да жаңа деңгейде бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз.

 

ЮРИЙ КОФНЕР, ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Екі жақтан да қызығушылық бар. Интеграцияның кажеттілігін Түркияның экономика министрі де, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та атап өтті. Түркия тарапы едәуір экономикалық қызығушылықты танытты. Осы ел мен Еуразиялық экономикалық одақ арасында ынтымақты нығайтудың маңызы зор. Ол Еркін сауда аймағы туралы шарт немесе экономикалық және сауда серіктестігі туралы келісім түрінде болуы мүмкін.

 

2015-і жылдан бастап аталған бірлестікпен жұмыс атқаруға 50 мемлекет ынта білдірді. Экономикалық одақ қазір Вьетнаммен еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қойды. Кезекте Иран, Израиль, Үндістан мен Мысыр елдері тұр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер