Қазақстан Президенті өз жолдауында ел үшін үшінші жаңғырту жолында нақты міндетті баяндады. Неміс саясаткері Маттиас Дорнфельдтің айтуынша, Қазақстанның жеткен жетістіктерін соңғы екі жаңғырту нəтижелері бойынша айқын көруге болады. Ол Орталық Азия аймағындағы экономикалық жəне қоғамдық саяси тұрғыда еліміздің өсу қарқыны жоғары деп отыр.

 

МАТТИАС ДОРНФЕЛЬДТ,  CАЯСАТКЕР:

 - Мен Қазақстанның тұрақты дамып келе жатқанын атап өткім келеді. Біз Президенттің енгізген мемлекеттік бағдарламалары мен реформаларының тиімділігін көріп отырмыз. Мемлекеттік дамудың оң стратегиясын жасау  қолыңыздан келді деп ойлаймын. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауындағы негізгі түйіні экономиканы жаңғырту болды. Макроэкономикалық көрсеткіштер, сондай-ақ білім жүйесі үшін жақсы жағдай жасаудың бірінші орында тұруы өте дұрыс. Мысалы, оқушыларға кейбір сабақтар ағылшын тілінде оқытылатын болды- бұл прогрессивті жүйе.

Германияның жетекші экономистері де Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында жарияланған бастамаларына қолдау білдіріп отыр. Неміс экономикасы Шығыс комитетінің атқарушы директоры Михаэль Хармс  «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан экономикасына  шетелдік инвестициялар тартуда маңызды рөл атқаратынына сенімді. 

 

МИХАЭЛЬ ХАРМС, НЕМІС ЭКОНОМИКАСЫ ШЫҒЫС КОМИТЕТІНІҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

 - Қазақстан президентінің жолдауында экономиканы сандық жүйеге көшірту, өнеркәсіпті жаңғырту және жаңа технологиялар енгізуге үлкен көңіл бөлінген. Бұл – Германия мен бүкіл Еуропа үшін де өзекті мәселелер. Бизнес үшін жағдайдың жақсаруы да –  жақсы белгі. «Астана» халықаралық қаржы орталығының құрылуын құптаймын. Неміс кәсіпкерлерінің Қазақстанға инвестицияларын едәуір артыруға мүмкіндік бар. Көбірек бірлескен жобаларды іске асыру үшін тынбай еңбек етуіміз қажет деп санаймын!

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер