Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақалсында айтылған «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналуы тиіс. Бұл – Өскемендегі облыстық неміс этномәдени бірлестігі өкілдерінің пікірі. Бүгінде олардың өздері – Шығыс Қазақстанда жүзеге асып жатқан «Туған елге тағзым» сияқты игі акциялардың тұрақты қатысушылары. Берекелі ұжым соңғы үш жылда науқас балалардың оңалуы үшін 10 млн теңге жұмсаған. Бірлестік директоры Евгений Шумахердің пікірінше, Елбасы мақаласында туған жерге қол ұшын созу әрбір қазақстандықтың киелі парызы екені нақты айтылған.

 

ЕВГЕНИЙ ШУМАХЕР, НЕМІС ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Жерлестерің үшін, елің үшін күн сайын аз да болса, жақсылық жасауға ұмтылу керек.

 

Елбасының мақаласы жаһандану заманында өзіміздің бірегейлігімізден айырылмауға шақырады. Солай бола тұра, Қазақ еліне ешқашан оқшау қалуға болмайды, дейді қоғам белсендісі көкшетаулық Бақыт Смағұл. Оның пікірінше, мәңгілік ел болуды мақсат еткен Қазақстан үшін әлем елдерімен етене араласып, тәжірибе алмасу аса маңызды.

 

БАҚЫТ СМАҒҰЛ, «ЕЛ БІРЛІГІ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Заманның талабымен алып қараған кезде біртұтас ұлт қалыптастыру үшін барлық ұлттар, осы елде мекен етіп жатқан ұлыстар барлығының да ұстанатын ұстанымы сол қазақтың ұлттық ұстанымының айналасында шоғырлануы керек. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер