Братислава филармониясында қазақ музыканттары концерт берді. Ауқымды шара Қазақстан мен Словакияның дипломатиялық қарым-қатынасына 25 жыл толуына орайластырылды. «Дəуір» этно-фольклорлық ансамблі мен «Шабыт» оркестрінің өнерін Еуропа елінің үкімет мүшелелері, депутаттар мен дипломаттар тамашалады. «Көзімнің қарасы», «Сарыарқа». Қазақ туындылары тыңдармандарды еріксіз баурап алды.

 

ПЕТЕР МАРЧЕК, СЛОВАКИЯ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Ұлттық əндер біз үшін сөзбен жеткізе алмайтындай ерекше əдемі. Бізде мұндай жоқ. Сіздердің ұлттық əндеріңіз өте əдемі. Сондықтан мен əдемі əнді орындағаны үшін қатты қуандым. Жарайсыңдар, деп айтқым келеді! Бəрі өте əдемі!

 

ОЛЬГА НАХТМАННОВА, БІЛІМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ:

 - Музыканттар өте әсерлі ойнады. Бұл олар үшін тек қана жұмыс емес екені сезіліп тұрды. Менің тағы бір байқағаным олар бүтіндей нотасыз ойнады. Бұған дейін мен мұндайды көрмеген едім. Тағы бір қызығы дирижер де нотасыз болды және одан үздіксіз энергия сезіліп тұрды. Мен өте жағымды әсер алдым.

 

Қазақ домбырасы мен жетіген, шаңқобыздың керемет үні словак көрермендерін бей-жай қалдырмады. Олар әр номерді демдерін ішіне тарта отырып тыңдады. Словак халқы осы музыка арқылы шексіз қазақ даласын көз алдына елестетіп, біздің тарихымызға бойлағандарын айтады.

 

СӘУЛЕБЕК АЛИХАНҰЛЫ, ҚАЗҰӨУ ПРОФЕССОРЫ:

 - Қазақтың халық әндері, күйлері осының барлығы студенттеріміздің орындауында халыққа ұсынылды. Өз басым көрерменмен бірге көре өтіріп корцертті сыртынан шыныңда да көрерменнің жүрегіне жеткенін. Бұл деген домбыра деген аспаптың бірінші рет тыңдап отырған адамдар бар. Ал енді күйдің өзінің осындай мазмұнды, мәнді қаншалықты музыкалық күш құаты бар екенін көрермендер бірінші рет көріп отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер