Шардара ауданында үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында тағы бір балық зауыты  ашылды. Жылына 600 тонна балық өнімдерін өндіруге қауқарлы зауыт «Оңтүстік» аймақтық инвестициялар орталығы арқылы 42 млн. теңге көлемінде төменгі пайызбен несие алған, деп хабарлайды BNews.kz

Бүгінде 30 адамды жұмыспен қамтып отырған серіктестік алдағы уақытта өндірісін кеңейтіп, балық өсіруді де қолға алмақ.

Қазіргі күні мұнда балықтың филе, мұздатылған және ысталған түрлері өндіріліп отыр. Ал өндірілген өнім  Еуропа елдерінің нарығына  шығарылуда. 

Шардара ауданы бойынша «Саодат» ЖШС-інің бұл зауыты балық өңдеумен айналысатын төртінші кәсіпорын. Бұған дейін жұмыс істеп келген «Хамит» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінің балық өңдеу зауыты, «Шардарабалық-1» пен жеке кәсіпкер Талғат Жалғасбаевтың балық өңдеу зауыттары былтырғы жылы жалпы 4 мың тоннаға жуық балық өңдеп, 3,2 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Оның 80 % астамы шет елдерге экспортталды. Ал жаңадан ашылған кәсіпорындар есебінен биыл өнім көлемін 30 % арттыру  жоспарлануда.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер