140-тан астам ұлт пен ұлыс достық пен келісімде ғұмыр кешіп жатқан ел ретінде Қазақстанның халықаралық қауымдастық алдындағы беделі жоғары. Мемлекет діндер мен мәдениеттер арасындағы жаһандық диалогты дамытып жатқандығымен танымал, дейді Ричард Уильям Брайант Аткинсон. Англикан шіркеуінің мүшесі, Бедфорд қаласының Епископы Қазақстанда бірнеше рет болып, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысқан.

 

РИЧАРД АТКИНСОН, БЕДФОРД ҚАЛАСЫНЫҢ ЕПИСКОПЫ:

 - Халықты біріктіруде дұрыс жол таңдай білу өте маңызды. Сіздердің президенттеріңіз мемлекет болашағын бағамдап, дұрыс жол таңдай білді. Президент елдің тарихына, мәдениетіне және рухани түп-тамырына ерекше көңіл бөледі. Ол сондай-ақ әр адам ұлты мен діни сеніміне қарамастан бейбітшілік пен келісімде өмір сүретін мемлекеттің болашағына зор сеніммен қарайды.

Діндер мен мәдениеттер арасындағы жаһандық диалогты дамыту сияқты ірі бастамалардың арқасында Қазақстан әлемдік аренада өз орнын таба білді, дейді World PR компаниясының негізін қалаушы және басшысы Патрик Робертсон.

 

ПАТРИК РОБЕРТСОН, WORLD PR КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Меніңше, бұл – Қазақстанның өзгеге ұқсамайтын ерекшеліктерінің бірі. Ә дегеннен-ақ, Президент қоғамның көпұлтты болуына, көптілділіктің дамуына баса назар аударды. Және бүгінде бұл жүзеге асты да. Ал жүйелі түрде ұйымдастырылып тұратын Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі батыс халқы түсінетін маңызды месседжге айналды десе болғандай.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер