Димаш Құдайберген Францияның "France 2" бағдарламасында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz әншінің PR-директоры әрі досы Алпамыс Шаримовқа сілтеме жасап.

Шаримовтың айтуынша, Димаш Құдайбергенді Les années bonheur жобасының бас жүргізушісі Себастьян Патрик шақыртқан. "Ол Димашты Интернеттен көріп, Франциядағы бағдарламасына арнайы құрметті қонақ ретінде шақырды. Бағдарламада Димашпен бірге әлемге танымал көптеген өнер жұлдыздары өнер көрсетті. Осы кеште LP Лаура да (Лаура Перголицци) ән айтатын болады", - деп хабарлады ол.

Бағдарлама 6 мамырда көрсетіледі. Бұл туралы әншінің өзі де Instagram желісінде жазды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер