Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдель Азиз Астанада өтетін Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым мен технология саммитіне Елбасы шақыруын қабылдады. Шақыруды еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов табыстады. Алғаш рет өткелі отырған саммит елордада қыркүйектің 10-ы мен 11-іне белгіленген. Сауд Арабиясының королі қос ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Бұған қоса, ол Қазақстан президентінің бейбіт әлем қалыптастыру бағытындағы бастамаларын, әсіресе, Астананың Сирия мәселелері бойынша келіссөздердегі рөлін жоғары бағалады.

 

ҚАЙРАТ ӘБДІРАХМАНОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

 - Араб әріптестерімізді Қазақстанның БҰҰ ҚК мүшелігінің аясында Ислам әлемінің мүдделерін лайықты қорғау бойынша әрекеттеріміз туралы да сөз қозғалды. Әрине, екі жақсы ынтымақтастық мәселелері де, соның ішінде, Елбасы сапарлары нәтижесінден қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру кешенді түрде талқыланды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер