Елордада 2017 жылдың 13 мамырынан 1 қазанына дейін «Қазақстан» спорт кешені және «Алай» СОСО автотұрақ алаңдарында өңірлік ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы Әкімінің баспасөз қызметі. Екі күн қатарынан өткізілетін жәрмеңкеде қала қонақтары мен тұрғындары азық-түлік өнімдерін нарық бағасынан 15-20%-ға арзанға сатып ала алады. Сондай-ақ, олар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылмақ.

Жәрмеңкеде жылқы еті, сиыр еті, құс еті, сүт өнімдері, жарма түрлері, қант, бал, балық және тағы сондай 30 мың тоннадан астам өнім ұсынылады. ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесін өткізу кезеңінде азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мақсатында өңірлік ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізу жоспарланған.

2017 жылдың 13-14 мамырында дәстүрлі өңірлік жәрмеңкелер маусымын Атырау, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары ашпақ. Жәрмеңкелер кестесі:

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер