Астана қаласының орталық алаңында «ZHeBe» брендімен қызмет көрсететін «TAXI ZHeBe» ЖШС мен «ЭКО такси» брендімен қызмет көрсететін  «Автотранс Хозу» ЖШС - на  «ASTANA TAXI» Инвестициялық жоба аясында 100 жаңа такси-көліктерінің  кілті табыс етілді, деп хабарлайды Астана қаласы Әкімінің баспасөз қызметі.

Жобаның басты мақсаты – Астана қаласында «ASTANA TAXI» бірыңғай  такси қызметін енгізу, соның ішінде заңды автотасымалдаушылардың санын арттыру арқылы халықтың жүріп-тұру қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Бүгінгі күні жоба аясында қосымша 200 дана автомобильді іске қосуға байланысты дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Сондай ақ, Экспо көрмесінің қарсаңында қала жолдарына тағы 300 жаңа автокөлік пен қолданыстағы таксомоторлы компаниялардың 300 көлігі шығады. Барлық автокөліктер бір стильде безендіріледі.

Жобаның екінші кезеңі және қосымша қызмет көрсету түрлері қыркүйек айына дейін іске қосылады. Оған тағы 300 автокөлік қосылады. Сондай-ақ, жолаушылар үшін «тегін WI-FI» қызметі ұсынылады.

 

 «ASTANA TAXI» жобасының ерекшелігі мен  қызмет  түрлері:.

 1.     Бұл ресми тасымалдаушыларды біріктіретін  бірыңғай  такси қызметі;    

2.     Қалалық және мобильді байланыс арқылы 15800 нөмірі арқылы қосылуға мүмкіндік беретін біріңғай CALL Center;

3.     Барлық автокөліктер бір стильде безендіріледі;

4.     Такси шақыру үшін  ыңғайлы ASTANA TAXI қосымшасы;

5.     Әр бір таксиде таксометрдің болуы;

6.     Карточкамен төлем жасау үшін POS терминал.

 

ASTANA TAXI жобасының техникалық қосылуы 7 мамырға жоспарланған.  

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер