Шағын футболдан Алматының «Қайрат» клубы УЕФА Кубогының қола жүлдегері атанды, деп хабарлады Sports.kz.

Қола жүлде үшін Алматыда өткен матчта жергілікті клуб ресейлік «Югра» командасымен кездескен. Ойынның негізгі бөлігі 5:5 есебімен тең аяқталған соң жеңімпазды пенальти арқылы анықтады. Бұл бәсекеде 3:2 есебімен «Қайрат» басымдық танытты.

Футзалдан УЕФА Кубогының финалында Португалияның «Спортингі» мен Испанияның «Интері» кездесіп, Испания командасы жеңіске жетті.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер