Елімізде 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні аталып өтуде. Бұл – бір шаңырақтың астында тату тірлік кешкен барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің мейрамы. Ұлттық тағамдар әзірленіп, түрлі ойындар ұйымдастырылып, ән мен күй шырқалатын мереке жұртшылық асыға күтетін күнге айналды.

 

РАФИК ВАЛИЕВ, «ТАҢ» ТАТАР-БАШҚҰРТ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - 1 мамыр – барша қазақстандықтардың бірлігі, ынтымақтастығының көрінісі. Елімізде Ассамблея жұмысына, халық ауызбіршілігіне аса мән беріледі. Саясаттың басым тұстарының бірі. Қазақстанда кез келген ұлт өкілінің өз тілін оқып,  дәстүрі мен мәдениетін сақталуына жағдай жасалған. Бұл – мақтануға тұрарлық нәтиже.

 

Қазіргі таңда елімізде 600-ге тарта этномәдени бірлестік бар. «Ахыска» -түрік орталығы солардың бірі. Ол тәуелсіз еліміздің құрдасы. Орталықтың құрылуы еліміздің тәуелсіздік алу кезеңімен тұспа-тұс келген. Оның төрағасы Әскер Пириев 1995 жылы Ассамблеяның құрылуы еліміздің дамуына берік іргетас болды дейді.

 

ӘСКЕР ПИРИЕВ, «АХЫСКА» ТҮРІК ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Біздің этномәдени орталық та бертінде тек қана түрік этносын ғана ойламай, жалпы Қазақстанның қоғамына, оның ішінде қазақстандық бірегейлік және қазақстандық патриоттықты дамытуға бағытталған іс-шаралар атқарып келе жатыр. Алматы облысында 480 балаға арналған толық пансион аштық.

 

Ұлтаралық келісім елдің саяси және экономикалық тұрақтылығы нығаюының бірден-бір себебі,-дейді сарапшылар. Келісімнің қазақстандық моделі өз өміршеңдігі мен тиімділігін дәлелдеп отыр. Оны үлгі ретінде қолдануға ниетті елдер де жетерлік. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер