Меймандарға қызмет көрсету сапасын арттыру. Әсіресе, ЕХРО қарсаңында қонақжайлығымызды сақтай отырып, туристерді әлемдік деңгейде қарсы алу аса маңызды. Бұл мақсатта халықаралық ТIKA ұйымының жетекшілігімен Түркия елінің туризм саласының мамандары елордаға ат басын бұрды. Олар арнайы мамандандырылған салалық колледж мұғалімдерімен тәжірибе алмасып, кәсіби шеберліктерімен бөлісті.  Барлығы еліміздің әр аймағынан келген 100-ге жуық оқытушы шетелдік әріптестерінің  қонақ үй, тамақтандыру бойынша дәрістерін тыңдап, кеңестеріне құлақ асты. Отандық туризм саласына қан жүгіртуді көздейтін оқыту курсы бір ай бойы жалғасады.

 

НАСЫМЖАН ОСПАНОВА, ҚР БҒМ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:

 - Теориялық білімдерін осы жерде тәжірибе жүзінде нақтылайды. Оқыту бағдарламасы қонақтарды қарсы алудан бастап шығарып салуға дейінгі бар әрекеттерді қамтыды. Дастарқан жаю мен қызметшілермен тиімді жұмыс жасауға дейін үйретіледі. Кейін әр тыңдаушыға біліктілігін арттырды деген халықаралық сертификат беріледі. 

 

ӘЛИ ЧАГЛАР, ТИКА ҰЙЫМЫНЫҢ ӨКІЛІ:

 - Бұл жерде жасалынған бағдардлама қазақстанның шағын кәсіпкерлігін күшейтеді. ТІКА жұмыс істеген елдерде қандай экономикалық орта қалыптасқанын зерттейді. Соған қарап бағдарламасын ұсынады. Біздің тәжірибиелеріміз сіздерге көп жәрдем береді деп ойлаймыз.

 

Түркия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың арқасында алдағы уақытта осындай білім алмасу шаралары агрономия, ветеринария және тігін салаларында да  өтеді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер