Қазақстан мен Сауд Арабиясының қарым-қатынасы барлық салаларда нығая түспек. Бұл туралы қос ел сыртқы істер министрлерінің кездесуінде айтылды. Арабтарды  мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, атом энергетикасы және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бойынша Қазақстанның тәжірибесі қызықтырады. Кездесуде елімізде өтетін әлемдік маңызы бар Астана процесінің мамырдағы кезекті раунды сөз болды. Оған Саудия тарапы үлкен қолдау білдіріп отыр.

 

БАҚЫТ БАТЫРШАЕВ, САУД АРАБИЯСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЕЛШІСІ:

 - Қазір Араб әлемінің, ислам әлемінің көп бөлігіне жанжалдар басып кетті. Мінекей осындай жағдайда Қазақстанның тұрақты олуы, оның қандай себептері бар, біздің табысымыздың қанда рецептері бар, міне осылармен бөлісіп, қалай ынтымақтастықты артыруға болады. Ең бірінші тиімді жағынан.

Екі ел арасындағы  алыс-беріс өткен жылы 3 есе артқан болатын. Тіпті. Тараптар мұнымен тоқтап қалмай, әлі де көлемді арттырмақ. Араб іскерлері Қазақстандағы жобаларға қаржы бағыттауға мүдделі.

ТҮРКИ БЕН МҰХАММЕД, САУД АРАБИЯСЫНЫҢ ХАНЗАДАСЫ:

 - Өткен жылы Қазақстан президентінің біздің елге жасаған ресми сапары барысында екі ел арасындағы бизнес байланыстың екінші тынысы ашылды деуге болады. Қазақстандық кәсіпкерлермен тығыз қарым-қатынас орнатып, сенімді серіктеске айналдық. Сондықтан, әлі де Қазақстан экономикасына үлкен көлемде инвестиция құюға дайынбыз. Бүгін осыған қатысты нақты жоспар бекітілді.

Энергетика саласында да екі елдің бір-бірінен үйренері көп. Сауд Арабиясы Қазақстан сияқты «жасыл» технологияны жаппай меңгеруге кіріскен. Іссапар барысында  эр-Риядтың ортасынан бой көтерген алып ақылды қалашық таныстырылды. Осы және өзге де жетістіктерін арабтар енді Астанада өтетін ЕХРО көрмесіне әкелмек. Сәйкесінше, олардың да халықаралық көрмеден алатын нәрсесі көп боларына сенімді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер