Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданындағы «Конденсат» АҚ зауытында мұнайды вакуумда айыру секциясы құрылысы аяқталды, деп хабарлайды BNews.kz.

«Конденсат» АҚ зауыты ҮИИД бағдарламасы аясында өте қысқа мерзім ішінде мұнай айыру секциясын пайдалануға берді.  Бұл туралы «Конденсат» АҚ бас директоры Эдуард Жүнісов айтып берді.

«Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданындағы «Конденсат» АҚ-ның зауыты 1 жыл 1 ай ішінде мұнайды вакуумда айыру секциясының құрылысын аяқтады. Енді жаңа құрылғы мұнай өнімдерін қайта айырып, шығаруға мүкіндік береді әрі өнімді экспорттайды. Яғни қара май өнімі мен газ майлы дизель отынын қайта шығаруға мүмкіндік бар. Бұл жоба мотор майларының өндірісін кеңейту мен модернизациялау жөніндегі инвестициялық жобаның кезекті кезеңі»,-дейді Эдуард Жүнісов.

Бас директордың хабарлауынша, секцияның құрылысы бір жылда аяқталған. Бір ай бойы құрылғыны іске қосу жұмыстары атқарылыпты. Секцияның құрылысына 16 шақырым құбыр, 1000 тонна металл пайдаланылған. Құрылғының қуаттылығы – жылына 250 мың тонна қайта өңделген мұнай өнімдері.

«Вакуумда қайта айыру әдісінің арқасында мұнай өнімінің қайта өңдеуге жарайтын тереңдігі ұзарады, сондай-ақ, сатылатын өнімнің түрі көбейеді. Жаңадан іске қосылған секцияда 1000 тонна қара май өндіріп үлгердік. Бұл өнімнің нарықтағы сұранысы өте жоғары, өйткені, жол құрылысына көп пайдаланылады. Сондай-ақ, 2500 тонна вакуум газ майлы дизель отынын өндірдік. Болашақта бұл өнімді Қазақстанның кәіпорындарынан тыс, Ресейге және шетелге шығаруды көздеп отырмыз. Ал алғашқы партиясы Финляндияға экспортталады»,-дейді Э.Жүнісов.

Қазақстанның майлы дизель отыны Финляндияға экспортталады

Жобаның жалпы құны – 168,6 млн доллар. Оны «Қазақстанның даму банкі» АҚ қаржыландырған. «Бәйтерек» АҚ-ның еншілес ұйымы саналатын банк құрылысқа қажетті қаражаттың 70 % 11 жылға займға берген. Жоба  2015-2019 жылдарға арналған «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» vемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылды.

2017 жылы кәсіпорын 418 мың тонна мұнай өнімдерін шығаруды жоспарлап отыр. Оның ішінде АИ-92 маркасы - 113 мың, АИ-95 - 14 мың тонна. Дизельді отын – 23 мың тонна, гудрон – 16 мың тонна. Қазандық отыны – 15 мың тонна. Қазіргі таңда компания 475 адамды жұмыспен қамтып отыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер