«Бүгінгі Ассамблея тарихы - тұрақтылықтың, татулықтың,  бейбітшілік  пен келісімнің  шежіресі». Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Президент биылғы басқосудың ерекше мезгілде өтіп отырғанын айтты. «Еліміздің үшінші мүшелге аяқ басумен бірге, бұл – аса күрделі кезең. Қазіргі әлемдегі ахуал ел тыныштығы тұрақты дамудың ең маңызды  шарты екендігіне көзімізді тағы да жеткізіп отыр. Қиын кезеңде бірлігіміздің ұйытқысы, бастауы ретінде құрылған Ассамблеямыз өзіне жүктелген қастерлі мисияны өте үлкен дәрежеде орындап келе жатыр», - деді Елбасы. Ол әлемде баламасы жоқ институттың тарихи қызмет атқарып отырғанын айрықша атап көрсетті.

 

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Бүгінгі Ассамблея тарихы – тұрақтылықтың, татулықтың, бейбітшілік пен келісімнің шежіресі болып саналады. Бірліктің киелі бесігі елдің ортақ мақсатқа жұмылдырудың бірегей тетігі.  Біз алдымызда қойып  отырған басты мақсат – өркендеп өсіп, 2050 жылы 30 елдің қатарына қосылып, сол дәрежеге елімізді көтеріп, халқымыздың тұрмыс-жағдайын көтеру деген сөз. Сондықтан біз әлемдік ахуал қандай болса да, алға ұмтылуымыз керек.

 

«Жаңғырудың негізі - тұрақтылық, бірлік, келісім». Ассамблеяның биылғы сессиясына осы тақырып арқау болды. Алқалы жиында Елбасы Қазақстанның жаңғырудың үшінші кезеңіне аяқ басқанын еске салды. Және алға қойған биік мақсаттарға жетуде Ассамблеяның ролі маңызды екенін жеткізді.

 

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Биыл еліміз кешенді жаңаруға кірісті. Экономикалық, рухани бағыттардың қай-қайсысы да айрықша маңызды. Мемлекетті басқару жүйесін жетілдіре түскен конституциялық реформалар  - саяси жаңғырудың негізі. Ал енді «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»атты мақала өзек болған жобалар рухани кемелденуден бастауы. Енді міне рухани жаңғыру болмаса, оның барлығын істей алмаймыз. Рухани тұтастығымыздың өзегіне айналған Ассамблея осынау тарихи жұмыстардың бел ортасында жүруге тиіс деп ойлаймын. Соған мен кәміл есенемін.

 

Сессияға еліміздің барлық өңірлерінен Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, зиялы қауым өкілдері, барлығы 1500-ден астам адам қатысты.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер