«Ұрпақ тәрбиесі отбасынан басталады, ал балалардың бойында отансүйгіштік қасиеттер мен ұлттық рухты қалыптастыруда ұстаздарға жүктелер міндет орасан», дейді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері. Олардың пікірінше, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған әр тақырып жеке-жеке жоспар құруға тұрарлық.

 

АЯГҮЛ МИРАЗОВА, ҚР ЕҢБЕК ЕРІ:

 - Мақаладағы әрбір айтылған мәселе ол жас ұрпақтың бойына сіңретін солардың ойлауын олардың саналарын өзгеруіне, елімізге біздің мемлекетімізге деген сүйіспеншіліктің артуына үлкен әсер ететін дүниелер деп ойлаймын. Өйткені мына туған жерге деген махаббатты ояту туған жерді танып білу. Ұлттық біздің кодымызды сақтау бұл әрине жанұядан басталғаннан кейін ары қарай ұл мен қыздарымыздың бойына сіңіретін ол – ұстаздар қауымы.

 

Ертіс өңірінің ғалымдары да Елбасының мақаласымен танысып,  алған әсерлерімен бөлісіп жатыр. Олардың пайымдауынша тәрбие бастауын тал бесіктен алатын қазақ халқы озық мемлекеттердің қатарына ерекше  ұлттық болмысымен енуі тиіс. Бұл мақалада ықылым заманнан келе жатқан тарихи құндылықтар,  ұлттық салт-сана  ерекше көрініс тауып отыр. Сондықтан оның әрбір тарауын оқу-әдістемелік құрал ретінде пайдаланып, ұрпақ санасына сіңіру ұстаздардың қолында, дейді жоғары оқу орындарының оқытушылары.

 

АЙМАН ЗЕЙНУЛИНА, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ПРОФЕССОР:

 - «Ұлттық кодтың көрінісі – білім мен тәрбие. Өйткені мысалы бүгінгі балаларымыз тек қана тілді біліп не болмаса тек қана математиканың есебін аудиторияда отырып, соны ғана сөзсіз, тілсіз, мінезсіз көрсетсе, онда біз өзіміздің қазақилық мінезімізді көрсете алмаймыз.Ал қазақилық мінезде ол сыртқы салт-дәстүріміз, ішкі жан дүниеміздегі санамыз.

 

Нұрсұлтан Назарбаевтың рухани жаңғыру туралы мақаласы шетелдік сарапшылардың да қызығушылығын тудырды. Әсіресе, 2025 жылға қарай Қазақстанның кириллицадан латын қарпіне көшу мәселесіне назар аударғандар көп. Бұл елдің даму көкжиегін кеңейтеді. Өркениетті қоғамға бет бұрғызады. Мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Шетелмен арадағы ынтымақ пен келісім орныға түседі. Латвия парламентінің депутаты Сергей Потапкин осылай деп пайымдайды.

 

СЕРГЕЙ ПОТАПКИН, ЛАТВИЯ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ДЕПУТАТЫ: 

 - Қазақстан түркі тілдес ел. Сондықтан латын графикасына көшуі өте дұрыс шешім. Бұл бастаманың тиімді тұстары көп. Одан мемлекет тек қана ұтатын болады.  Тіл үйренуге қатысты мәселелерде оңтайлана түседі. Президент Нұрсұлтан Назарбаев мақаласында ұлттық құндылықтар баса мән берілгеніне шетелдік саясаттанушылар оң бағасын беріп жатыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер