Қазақ тілін оқытудың креативті тәсілдері ұсынылды. Республикалық байқау қорытындысында бірқатар жұмыстар жеңімпаз атанды. Олар қазақ тілін оқытуда бейімделген мәтіндерден бастап әндерге дейін қолданған. Жұмыстардың біразы бір сарынды болғанымен, арасында қолдануға тұрарлық ерекше әдістемелер бар,- дейді ұйымдастырушылар. Мәселен, Нұржан Байсақов бастауыш және жоғары сыныптарда тілді қызықты әрі жылдам үйрету тәсілдерін әзірледі. Көшірілген, қайталанған әдістеме емес, ұстаздың 14 жылдық еңбек өтіліне негізделген. Нұржан Байсақов өз әдістемесінде адамның ақпаратты, негізінен, көру қабілеті арқылы қабылдайтынына ден қойыпты. 

 

НҰРЖАН БАЙСАҚОВ, БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫСЫ:

 - Мен 340 сөзге шағын карточкалар жасадым. Сол сияқты 720 сөз тіркесі мен сөйлемдерге карточка жасадым. Ол төменгі кластарға. Жоғары кластарға 8,9,10-сыныптарға оқулықтарда берілген қоғам, өнер қайраткерлері туралы мәтіндер, шынын айтқанда, қызықсыз қылып берілген. Сол бағдарламада бар адамдардың өмірін, өзім оқыған ақпараттарды сығып-сығып, мәтін қылып құрастырдым.

 

ҰЛАН ЕРКІНБАЕВ, ҚазМЗУ КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ:

 - Бір жыл бұрын біз онлайн конкурс жариялағанбыз. Қазақ тілін қалай креативті оқытуға болады деген мәселе. Тіл аудиторияда шектеліп қалды. Қоғамда қалай оқытуға болады деген. Интернеттен 400-ден аса жұмыстар келіп түсті. Соның арасынан іріктеп, 30 жұмысты шақырып отырмыз. Бағалаушылар басқа мамандар болды. 

Осы 30 жұмыстың бәрі сайтқа қойылмақ. Тілді меңгеремін деушілер оның кез келгенін таңдап, өзіне жақын әдістемені таба алады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер