Қазақстан Президентінің халыққа Жолдауы ел аузында. Мемлекеттің үшінші жаңғыруын міндет етіп қойған бағдарламалық құжат заман талабына сай. Грузия үкіметінің бұрынғы кеңсе басшысы, саясаткер Петр Мамрадзе «Қазақстан алға қойған мақсаттарға әрқашан да қол жеткізіп келе жатқанына әлем куә» дейді. Оның пікірінше, Грузияның Қазақстаннан үйренері көп. Құжатта мемлекеттің дамуына бағытталған мақсат-міндеттер атап көрсетілген. Оның бірқатарын біздің ел де қаперге алса, ұтарымыз көп», дейді.

 

ПЕТР МАМРАДЗЕ, САЯСИ ҚАЙРАТКЕР:

 - Біз Қазақстанның осы жылдар ішінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен көптеген реформаның жүзеге асырылғанына куә болдық. Атап айтар, болсам, Модернизацияға қатысты экономикалық реформалар сәтті орындалып жатыр. Енді қоғамды жаңғырту қолға алынады. Онда бәсекеге қабілеттік, прагматизмге ерекше көңіл бөлінгені өте қуантарлық. Өрлеудің жаңа сатысына көтеріліп, болашаққа бағдар жасап жатқан Қазақстанға грузия халқы табыс тілейді.

Елбасының өз Жолдауында ерекше тоқталған тақы бір тақырып –адами капиталды дамыту. Білімді де, білікті кадрлары бар мемлекет қана бәсекеге қабілетті. Осы ретте Президент тегін кәсіби-техникалық білім беру туралы ұсыныс жасады. Каннам университеті жанындағы Орталық Азияны зерттеу институтының директоры Фил Кимнің айтуынша, тегін кәсіби-техникалық білім беру елімізге жастар арасындағы жұмыссыздықпен күресуге көмектеседі. Бұл мәселе Қазақстанға ғана емес, Оңтүстік Корея үшін де күрделі. Бұл елде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 8,4 пайызды құрайды.

 

ФИЛ КИМ, ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 -Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тегін кәсіби-техникалық білім беру туралы ұсынысы – уақытылы қадам. Бұл саясат жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендетеді және ұлттық өндірістің дамуына мүмкіндік береді.   

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер