Күллі әлем көз тіккен ЕХРО көрмесінің ашылуына күн санап жақындап келеміз. Ауқымды шара Қазақстанның әлеуетін паш етуге бағытталған. Елордада әлем алдында абыройымызды асқақтатын халықаралық көрменің қауқары мен Астананың ахуалын бағамдау үшін келелі кеңес өтті. ТМД елдерінде тұңғыш рет өткізілетін шараға 115 мемлекет қатысқалы отыр. 2,5 млн жуық саяхатшыны қарсы алуға дайын болуымыз керек. Бас шаһар әлем жұртына қазақы қонақжайлылығын көрсетіп қана қоймай, халықаралық деңгейде дамыған қызмет көрсету саласын таныстыруы қажет.

 

ӘСЕТ ИСЕКЕШЕВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

 - Қаланың ЕХРО-ға дайындық шаралары негізгі бағыттардың бірі болып саналады. Осы орайда әкімдік жанында штаб құрылып, барлық жұмыстар белгіленген мерзімге сәйкес жүргізіліп жатыр. Келетін қонақтарды орналастыру мәселесіне тоқталатын болсақ, қала 2 миллионнан астам туристі қабылдауға дайын.

 

Көрме орталығының құрылыс жұмыстары толық аяқталуға жақын. Жопсрланған 22 ғимараттың 18-і дайын тұр. Енді келер айдың ортасына таман қалағаны әзір болмақ. Оның ішінде қонақ үй мен көрменің ашылуы салтанаты өтетін Конгресс орталығы бар.

 

АХМЕТЖАН ЕСІМОВ, «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК БАСШЫСЫ:

 - Конгресс орталық та қайта жобаланды, соның арқасында оның функционалдық мүмкіндігі кеңейді. Бұл екі нысанның құрылысы мамыр айының соңында аяқталуы тиіс. Шетел президенттерін осы жерде қарсы аламыз, ЕХРО-ның ашылуы осында болады.          

                                    

«Бейбітшілік қаласы» атанған Астана енді «Болашақ энергиясының» орталығына айналмақ. ЕХРО арқылы Астана бұрынғыдан да құлпыра түсіп, әлем астаналары тізіміндегі орнын тағы бір айғақтай түсері анық. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер