Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы алыс-беріс ұлғаяды. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы  676,7 млн АҚШ долларын құрады. Экспорт 223,5 млн доллар шамасында. Таң самалы елі уран, қорғасын қорытпасы, алтын, мыс секілді пайдалы қазбаларға қызығушылық танытады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың былтырғы мемлекеттік сапары барысында қол қойылған жобалардың жалпы сомасы 340 млн АҚШ долларын құраған.

 

ДУЛАТ БАҚЫШЕВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕЛШІСІ:

 - Финанс, қаржы, сервис, басқа да халыққа қызмет көрсету салаларға екі жақты қатынастар кеңейіп, қазір ЕХРО, басқа да шаралар бар, алтернативті энергетика, кореялық соңғы жетістіктері бар, соларды осы жерде көрсетіп қана қоймай, жобаларды, екі жақты қатынастарды одан әрі ұлғайтып, ең маңыздысы жұмыс орындарын арттырып, технологияны дамыту. 

 

Оңтүстік Кореяны Қазақстанның тасымалдау мүмкіндіктері қызықтырады. Еліміздің осы әлеуеті халықаралық логистикалық көрмеде талқыланды. Жиынға қатысқан біздің делегация Қазақстан арқылы жүкті Азиядан Еуропаға жеткізу мүмкіндіктері мен мұндағы инвесторларға жасалған жағдай жайында ақпарат берді. Өз кезегінде, оңтүстіккореялық кәсіпкерлер қазір Кәрі құрлыққа тауарды теңіз жолымен жеткізіп жатқанын айтты. Алайда Еуропаға дейін 33 тәулік жүріп жетеді. Егер тауарды теңіз арқылы Қытайға әкеліп, одан әрі Қазақстан арқылы темір жолмен тасымалдаса, тауарды 21 күнде Еуропаға жеткізуге болады. 

 

КИМ КВАНГ СОК, ЛОГИСТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯ БАСШЫСЫ:

 - Еуропаға біздің тауарларды тасымалдауда Қазақстан маңызды мемлекет болып отыр. Әзірге теңіз маршрутына қарағанда темір жол арқылы тасымалдау тез болғанымен, біршама қымбат. Бірақ сіздердің тарифтеріңіз төмендеп, Қазақстаннан Кореяға тауар ағымы көбейсе, онда жүкті осы бағыт бойынша жеткізуді жалғастырамыз.

 

Жалпы, Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның ынтымақтастығы өмірдің барлық салаларын қамтиды. Биыл қос мемлекеттің ынтымақтастық орнатқанына 25 жыл толып отыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер