Қазақстан Президентінің телерадиокешені Нұрсұлтан Назарбаевтың Астананың оң жақ жағалауына жүргізген жоспарланбаған тексерісінің видеосын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрлардан жан-жағында күзеті қызметі бар Президент отырған жол талғамайтын көліктің Гете көшесімен жүріп бара жатқанын көруге боалды. Мемлекет басшысы көліктен шығып, елордадағы вокзалды көруге барады, жолда тұрғындармен әңгімелеседі.  

Кейін президент Қосшығұлұлы көшесінде жергілікті тұрғындармен сөйлеседі, астаналықтар Назарбаевты аялдамада қоршап тұрады. Астаналықтардың бірі Мемлекет басшысына баспананы алуға көмектескен мемлекеттік бағдарлама жайлы әңгімелейді. 

 

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер