Рухани жаңғыру туған жерің мен шыққан тегіңді білуден басталады. Сондықтан еліміздің әр қиырындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді анықтап, сипаттама берумен қатар, мектептегі оқу-тәрбие жұмысына пайдалану керек. Мұны ауылдан бастап барша ел аумағында кешенді түрде ғылыми негізде жүзеге асырған дұрыс. Елбасы мақаласын талқылаған тарихшы ғалымдар мен мұғалімдер осындай ой-пікірлерін ортаға салды. Дөңгелек үстелде патриоттық тәрбие мәселелері, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі, жаңа гуманитарлық білім тұжырымдамасы талқыға түсті. 

 

ҚАРЖАУБАЙ САРТҚОЖАҰЛЫ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

 - Елбасының мақаласының кіріспесінде біртұтас ұлт қалыптастыру керек деп отыр.  Ұлтты қалыптастыру үшін не керек? Жазу керек. Жазу дегеніміз ол ұлтты ұйыстыратын негізгі құрал. Кадрлерді дұрыстап таңдап алсақ, біз әлемдегі қандай технологияны еркін меңгере аламыз.

 

АМАНГЕЛДІ ҚАШҚЫМБАЕВ, ҚР БҒМ МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ ӨКІЛІ:

 - Әр адам болсын, әр қоғам болсын өзіне қажетті деген құндылықтарды анықтап алып, соның төңірегінде жұмыс істеуі керек. Білімді болуымыз керек, сабырлы болуымыз керек, саналы болуымыз керек, ойлы болуымыз керек, еңбекқор болуымыз керек деген секілді мәселелерді айтуымыз керек.

 

Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласы шетелдіктердің де қызығушылығын тудырды. «Ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен ғана емес, адамдардың білімімен де өлшенеді», -дейді британиялық сарапшылар. Олар Қазақстан әлемге қара алтынымен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымен ғана емес, мәдени жетістіктерімен де танылуы керектігін атап өтті.

 

ДЖОРДЖ СМИТ, САРАПШЫ:

 - «Меніңше, мақала өте ашық әрі шынайы жазылған. Қазақ мәдениетін батыс елдері арасында насихаттап, олармен қоян-қолтық араласу маңызды қадам дер едім. Мен Қазақстан университтері мен колледждерінде білім алып жатқан талай жас буын өкілінің ағылшын тілін меңгеріп жатқанын көрдім. Шымкент университетінде туризмді оқып жатқан 250 студенттің ағылшын тілі деңгейін көріп, тәнті болғаным бар. Меніңше, президенттің де айтып отырғаны осы. Нұрсүлтан Назарбаев бұл жолы да өзін болашақты болжай білетін адам екенін көрсетті». 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер