Астана халықаралық қаржы орталығының қор биржасы құрылмақ.  Онда «Самұрық-Қазына» АҚ құрамына кіретін ең тартымды компаниялардың акциялары орналастырылады. Жаңа қаржылық инфрақұрылым арқылы Еуразия кеңістігіндегі кәсіпорындардың құнды қағаздар айналымын жүзеге асыруға мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ, Жаңа Ұлы Жібек жолының сауда алаңы ретінде жоғары сұранысқа ие болмақ. Орталық әлемнің көшбасшы биржалар жүйесімен етене жұмыс жасап, қатысушыларына халықаралық капитал нарығына жол ашды деп көзделуде. Биыл күзде іске қосылатын қордың жұмысына озық технологиялар ендіріліп, үздік халықаралық стандарттарға сай болмақ.

 

ҚАЙРАТ КЕЛІМБЕТОВ, «АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Халықаралық қаржы орталығының жұмысында Сингапур, Гонконг, Нью-Йорк пен Лондондық қаржы орталықтарының тәжірибесі негізге алынды. Біз олардың тек үздік деген жобаларын алып, қазіргі нарыққа икемді болатын жңа қаржы жүйесін құрамыз. Біріншіден, жаңа қаржы технологияларын қолдану, капитал нарығын дамыту, активтерді, дәулетті жеке тұлғалардың әл-ауқатын басқару және исламдық қаржыландыру ісін қолға алмақпыз.   

 

Қазақстан – ТМД елдері ішінде заманауи исламдық қаржыландыру заңнамасын қабылдаған жалғыз мемлекет. Ендігі бір бағыт – жасыл экономика саясатын жетілдіру. ЕХРО мұрагері болатын Астана қаржы орталығы айтулы көрмеден қалған технологияны нақты бизнеске бұрып, жаңа қызмет түрлерін игеруге ниетті. Биржа «ағылшын құқығы» негізінде шетелдік инвесторлардың мүддесін қорғайды. Жанынан халықаралық деңгейдегі дауларды қарастыратын мамандандырылған тәуелсіз алқа соты да құрылмақ. Сондай-ақ, шетелдік инвесторлар салық түрлерінен 50 жылға дейін босатылады, виза жағынан да айтарлықтай жеңілдіктер қарастырылады.

 

ЛЕОНИД ФИНК, FTI CONSULTING БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ /ҰЛЫБРИТАНИЯ/:

 - Сөз жоқ, бұл – табылған ақыл. Бүгінде инвесторлар қаржысын жаңа бастамаларға құюға ынтық. Бұған дейін үстемдік құрған мұнай мен басқа шикізаттың құны арзандап кетті.  Қазір қаржылық жобалар әлеуеті зор. Жаңа биржалық қор Еуропа мен Азияның  түрлі валюта мен құнды қағаздар айналымын реттей алады. Ал Қазақстан үшін бұл қадам экономикасын әртапаптандыруға жол ашады.

 

Жалпы, сарапшылардың пікірінше, бүгінде Қазақстан өңірдегі инвестициялық әлеуеті зор, қаржы құюға аса қолайлы мемлекеттердің санатында.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер