Қазақстан президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына сарапшылар пікір білдіруде. Германияның Орталық Азия елдері бойынша сарапшысы Хуберт Тилике Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған мақсаттарының өзектілігін атап өтеді. Оның айтуынша, Қазақстанның болашағы жастардың қолында. Сондықтан әрбір қазақстандық сапалы білім алуға баса мән беруі керек.

 

ХУБЕРТ ТИЛИКЕ, ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ БОЙЫНША САРАПШЫ:

- Жаһандық өзгерістерге ілесу үшін жаңа ғылым-білімді меңгеру керек. Менің ойымша, үш тілділікті дамытып, жастарды шет мемлекете оқыту туралы тармағының маңызы зор. Бүгіннің өзінде мемлекет 10 мыңнан астам азаматын шетелдік белді білім ошақтарында оқытты. Олардың бәрі ағылшын тілін жетік меңгерген. Бұл Қазақстанның дамуына қосылған үлкен үлес. Қоғам әрқашан жаһандық өзгерістерді қабылдай алуы керек. Сонымен қатар өзінің ана тілі мен төл мәдениетін және ата тарихын ұмытпауы шарт. Сонда ғана мемлекет сенімді түрде тың серпінмен дамиды.

 

Мәдениет ұлттың ой-санасын нығайтады. Ал егер әрбір халық түп тамырын ұмыт қылса, оларды қайта айрандай ұйыту оңайға соқпас. Алессандра Грациози – италиялық кинопродюсер. Оның айтуынша, мәдениет пен дәстүр ұрпақтар арасындағы көпір іспетті, оны бұзуға әсте болмайды.

 

АЛЕССАНДРА ГРАЦИОЗИ, КИНОПРОДЮСЕР:

- Ұлттық мәдени қорсыз қоғамдық даму ілгері баспайды. Егер адам баласы өзінің мәдениетін, дәстүрін ұмытпай, сақтап алса, рухани тұрғыда берік болып, елдің де нығаюына септігін тигізеді. Олқылықтардың орнын толтыруға мүмкіндік туады. Өзіңді тану үшін тарихи тамырыңды білуің керек, дейді ежелгі гректер. Бұл фактордың даму қарқыны мемлекеттің жастығына қарамайды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер