Биыл елімізде инвестиция тартудың ұлттық стратегиясы әзірленбек. Құжатта жергілікті жобаларға қаржы тарту жолдарынан бастап, оны тиімді бағыттаудың кешенді жоспары болады,-дейді Инвестициялар комитетінің өкілдері. Сондай-ақ, стратегияда барлық маңызды салалар қамтылмақ. Осылайша, әр өңірде үздік инвестициялық жобалар іріктелмек. Ал оларды бақылау үшін жыл соңына дейін мониторинг жүргізу жүйесін іске қосу көзделген. Жаңа жүйеге инвесторлармен жұмыс жүргізуге жауапты адамдар мен инвесторлар енеді. Жоба пилоттық режимде іске қосылып үлгерді. Оған жалпы құны 55 млрд доллар болатын 300 жоба кірген. Мұнымен қоса, тиісті ведомство инвесторлардың виза алу тәртібін біршама жеңілдетуді көздеп отыр. 

 

ЕРБОЛ ТАСЖҮРЕКОВ, ҚР ИДМ ИНВЕСТИЦИЯЛАР КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Өңірлерде шетелден инвесторлар келгенде, олармен жұмыс істейтін бір тұлға болу керек. Жергілікті сұрақтарды шешетін, рұқсаттама қағаздарды алатын, инвесторға көмектесетін тұлға болу үшін «Қазақинвест» ҰК өкілдері болып табылады келешекте.

 

Өткен жылы елімізге  20 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Бұл 2015 жылдың көрсеткішінен 40 пайызға артық,-дейді тиісті ведомство өкілдері. Ақпараттық технологиялар, электрмен жабдықтау және тау-кен өнеркәсібіне инвесторлар тарапынан қызығушылық жоғары. Сондай-ақ, ағаш, қағаз өнімдерінің өндірісі, фармацевтика және металлургияға бағытталған инвестиция көлемі артуда.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер