Қазақстанның даму моделі Орталық Азия елдері үшін үлгі бола алады. БҰҰ Бас хатшысының уәкілі Хорхе Чедиек осындай ойымен бөлісті. Оның айтуынша, еліміз әлеуметтік және экономикалық салаларда айтарлықтай көрсеткіштерге қол  жеткізген. Мемлекеттік қызмет саласындағы нәтижелер де ауқымды,-деді ЧедиЕк мырза. Ол Қазақстанда мемлекеттік қызметтің жетілдіруі еліміздің осы салада аймақтық хабқа айналуына жол ашты деген ойда.

 

ХОРХЕ ЧЕДИЕК, БҰҰ БАС ХАТШЫСЫНЫҢ УӘКІЛІ:

 - «Қазақстанның даму моделі өзге елдер үшін үлгі бола алады» дегенім құр сөз емес. Өйткені Қазақстан 25 жыл ішінде экономикасын өзгертіп, дамыта алды. Осылайша, ең қарқынды дамып келе жатқан елдердің қатарында. Ел дамуының арқасында тұрғындардың өмір сүру сапасы да арта түсті. Менің ойымша, осының бәрі Қазақстанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болып таңдалуына себеп болды.

 

Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына қосылуда белсенді жұмыс атқаруда. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бөлім жетекшісі Эдвин Лаудың пікірі «Қазақстан аймақ ішінде ғана көшбасшы болуды көздеп отырған жоқ» дегенге саяды. Ол еліміздің жоспарлары әлдеқайда ауқымды екенін аңғарғандығын айтады. Қазіргі таңда елімізде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттары енгізілуде.

 

ЭДВИН ЛАУ, ЭЫДҰ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ РЕФОРМАСЫ БӨЛІМІНІҢ  ЖЕТЕКШІСІ:

 - Қазақстанның «100 нақты қадам» бағдарламасы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды көздейді. Бұл өте маңызды. Өйткені білікті кадрлардың арқасында ғана реформалардың тиімділігі артады. Үкіметтің халық үшін барынша ашық бола түсуі қажет.

 

Эдвин Лау қазіргі таңда Қазақстан тәжірибесі өзге елдерде зерттелуде деп отыр. Яғни бұл бағытта жасалған қадамдардың дұрыс болғандығын уақыт көрсетіп отыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер