Заман талабына сай біздің де өзгеруіміз керек. Елбасының рухани жаңғыруға қатысты мақаласы құндылықты ұлықтап, болашақты бағдарлауға бастайды. Отандық және шетелдік ғалымдар мақала төңірегінде ойларымен бөлісуде. Айтуларынша, Қазақстанның жаһандық бәсекеде көштен қалмау үшін жаңғырудың жолын таңдауы құба-құп.

БОЛАТ КӨМЕКОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ:

- Рухымызды биіктету үшін тарихи сананы қалыптастыру керек. Сондықтан, осы мақалада тарихи жағдайларға көптеген көңіл бөліп отыр. Экономика - бұл бір үлкен күрделі сала. Саясат та үлкен күрделі сала. Сонымен бірге, керек болса алдында жүретін бұл руханият.

ПУНИТ ГАУР, Л.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ОҚЫТУШЫСЫ:

- Бұл тек бүгінімізді шолып өткен мақала емес. Онда болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат көрсетілген. Қазір Орталық Азиядағы жағдай тұрақсыз. Терроризим қаупі жаһанға төнді. Бұл орайда Қазақстан әлем үшін бейбітшіліктің бесігіндей. Ал, рухани жаңғыруға көшу елдеріңізді жаңа асудан асыратынына сенемін.

Елбасы өз мақаласында өте өзекті мәселелерді дер кезінде көтеріп отыр. Енді оны қоғам болып қолдаумыз керек. Өйткені, маңызы зор мақалада ешбір министрліктің не құзырлы органның аты аталмаған. Яғни, бұл баршаға ортақ жауапты міндет дейді Астанадағы өзбек этно-мәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов.

ШЕРЗОД ПУЛАТОВ, ҚАЛАЛЫҚ ӨЗБЕК ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Азаматтар ретінде біз міндетті түрде қолдауымыз керек. Біз өз терімізді төгуіміз керек. Яғни, үлесімізді қоссақ Еуропа елдері және басқа да мемлекеттермен бір деңгейде боламыз деп сенеміз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер