EXPO халықаралық мамандандырылған көрмесі шеңберінде қонақтарға мазмұнды мәдени бағдарлама ұсынылмақ. Ауқымды шара кезінде отандық өнерпаздардан өзге, әлемдік деңгейдегі артистердің қатысуымен концерттер, шоу-бағдарламалар әзірленіп отыр. ЛаСкала, Мариинский сияқты мәдениет ұжымдары өз қойылымдарымен қуантады. Сондай-ақ, елордада «Ежелгі Египеттің ескерткіштері», Эрмитаж музейі қорының, «Сұлтан Бейбарыс және оның дәуірі», «Скиф алтыны» көрмелері жоспарланып отыр. EXPO қонақтары түркі мәдениетін насихаттайтын «TURKVISION» байқауын да тамашалай алады. Сондай-ақ, төрткүл дүниені аузына қаратқан қазақ баласы Димаш Құдайбергеннің шоу-концерті де көрме бағдарламасына енгізілген.

ЧЖАН ХАНЬХУЭЙ, ҚХР ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ:

- Димаш, біз Димашты құбылыс деп атасақ болады. Қытайлықтар Қазақстанды жақсы біледі. Десек те Димаштан кейін қазақ еліне қызығушылық еселене түсті. Ол қытайлық туристер мен инвесторлардың назарын аударды. Қазақстан үшін бұл әрине жақсы».

Атақты Дю Солей циркі EXPO-2017 көрмесіне бұрын еш жерде көрсетілмеген жаңа ойын сауық бағдарламасын әзірлеп жатыр. Тақырыбы – «Болашақ энергиясы». Цирк жалпы саны 71 қойылым қоймақ. 

БЕРНАРД ПУРЬЕ CIRQUE DU SOLEIL EXPO 2017 ПАВИЛЬОНЫ ЖОБАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Барлығы арнайы жабдықталған павильонда өтеді. Цирк шатыры 2 мыңға жуық көрерменге лайықталған. Сахнасы да арнайы жабдықталған. Жан-жағына лед экрандар қойылады. Бұл шоудың ішінде өзің қатысып жүргендей әсер қалдырады.Келушілерге тамаша көңіл күй сыйлаймыз деп сендіремін.

Бұл ЕХРО көрмесі аясындағы кешенді іс-шаралардың бір парасы ғана. Жалпы, үш ай ішінде  700-ге жуық мәдени және спорттық шара өткізбек. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер