28 сәуірде Астанада қалалық алаңда әйгілі «Турецкий хорының» - «Ән мерекесі» атты ашық концерті өтеді. Ресей халық әртісі Михаил Турецкий жетекшілік ететін әлемге әйгілі вокалдық ұжым Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында елордаға өзінің ең сәтті «Халықпен караоке» жобасымен келеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Астаналықтар «Турецкий хорымен» бірге ән салады

Шара ашық аспан астында өтеді және ниет білгендердің бәрі де әртістермен бірге қосылып ән айта алады. «Турецкий хорының» концертінің бағдарламасында көрермендердің сүйікті әндері, музыкалық хиттер қазақ тілінде орындалады.

Айта кетейік, аталмыш жоба Қазақстанда алғаш рет өткен жылы өткен болатын. «Ән мерекесі» еліміздің бес қаласында ұйымдастырылды. Әртістер Алматы, Қарағанды, Өскемен, Шымкентжәне Астана қалаларында гастрольмен болды. Концерттерге мыңдаған көрермен жиналды.Биыл «Халықпен караоке» Қазақстанның он қаласында өтеді. «Турецкий хоры» ең алдымен астаналықтарды қуантпақ.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер