Қазақстан Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыруға үлес қоспақ. Тараптар өңірлік қауіпсіздік және екіжақты әріптестік мәселелерін талқылады. Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыру Қазақстанның БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесіндегі жұмысының басым бағыттарының бірі болып отыр. Кездесу барысында Ауғанстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Хекмат Халил Карзай  гуманитарлық көмек көрсететіндігі үшін елімізге алғысын жеткізді. Білім бағдарламасы аясында Қазақстанда мыңға жуық ауған студенті орта техникалық білім алды. Сондай-ақ Қазақстанның қаржылай көмегімен Ауғанстанда әлеуметтік маңызы бар нысандар құрылысы жүргізілмек.

ӨМІРТАЙ БІТІМОВ, АУҒАНСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЛШІСІ:

Отырыста екіжақты мәселелер талқыланды. Ауғанстанмен қарым-қатынасымыз өте жақсы деп бағалауға болады. Қазақстан білесіздер үнемі жәрдем жасайды.

Қазақстан – әлемдік саясаттың үлгісі. АҚШ-тың халықаралық қауіпсіздік саласындағы танымал қоғам қайраткері Джонатан Гранофф осылай дейді. Оның пікірінше, елдің жетекшілігі көп салада айқын көрінеді. Джонатан Граноф антиядролық қозғалыс, мәдениетаралық және дінаралық сұхбат пен мемлекеттің экономикалық дамуының қарқын атап көрсетті. Ол Қару-жарақ және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі америкалық адвокаттар қауымдастығы комитетінің төрағасы қызметін атқарған.  Қазақстанды БҰҰ-дағы 25 жылдық қызметімен құттықтай отырып, біздің елге бітімгерлік еңбегі үшін алғысын білдірді.

ДЖОНАТАН ГРАНОФФ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

Президент Нұрсұлтан Назарбаев әлем басшыларын ғаламдағы қақтығыстарды тоқтатуға күш салуға шақырды. Өйткені қазіргі уақытта ғылым мен технология қаруды дамытып, өркениетімізді жойып жіберетіндей жағдайға әкелді. Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіндегі күші - ынтымақтастық пен мәміле іздеуге бағытталған, ақыл-парасатқа сүйенген дипломатиясында. Сондықтан мен Қазақстанға өз халқы ғана емес бүкіл әлемге сіңіріп отырған еңбегі үшін алғысымды білдіремін. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер