EXPO көрмесіне қатысушы 115 елдің тоқсаны павильондарын безендіруге кірісіп кеткен. Ал қалашық аумағында соңғы құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы облыс әкімдерінің орынбасарларымен өткен кездесуде ұлттық компания төрағасы Ахметжан Есімов мәлімдеді. Оның айтуынша, негізгі нысандар қолданысқа беруге дайын.

АХМЕТЖАН ЕСІМОВ «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ ТӨРАҒАСЫ:

Жалпы мұндай көрме біздің өңірде, ТМД мемлекеттерінің ішінде бірінші рет өткізіліп отыр. Осыны түсіндіріп айту керек.  Әсіресе жастар, мектеп оқушылары, студенттер. Оларға өте көп келешекке ой туғызады. Дүниежүзінде жасалып жатқан еңбектерді көреді».

Айта кетерлігі, халықаралық EXPO билеттеріне сұраныс жоғары. Әсіресе ел аймақтарындағы тұрғындар ауқымды шарадан қалыс қалмаудың қамын ойлап, қазірден билет сатып алып жатыр. Маңғыстау облысы орталығының бір өзінде бүгінге дейін мыңға жуық билет сатылған. Ақтаулықтар жазғы демалыста елордаға саяхат жасап, ел тарихындағы тағы бір елеулі шараның куәгері болуды қалайды. Мамандардың айтуынша, аудандардан көбіне ұжымдық тапсырыстар қабылданады.

ГҮЛНАР ҚОЛҒАНАТОВА, «ҚАЗПОШТА» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Жұмыс күндері 4 мыңнан 6 мыңға дейін болса, демалыс күндері 6 мыңнан 8 мыңға дейін. Билет ішінде қайтарым қарастырылған. Бір адам басына елу билетке дейін сатып алуға болады.

БАЛДАЙ БОЛАНШАЕВА, МАҢҒЫСТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бүкіл дүниежүзілік көрме. Сол көрмемен, қуанышымды отбасыммен бөлісейін деп билет алуға келдім. Алыс аймақтағы ағайындарымызға өте жақсы болды, игі шара екен. Туыстарыма, достарыма айтып жүремін.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер