Қазіргі күні халықтың қолөнер бұйымдарына деген қызығушылығы артқан. Өз азаматтарымыздың және шетелдіктердің қазақтың қолөнер бұйымдарына деген сұранысы жоғары, дейді шебер Асхат Бозымбай. Қолөнермен айналысқанына 20 жылға жуықтады. Әкесі де темірден түйін түйген. Енді ол өз білгенін екі ұлына үйретіп келеді. Бүгінде оның шеберханасында жасалған бұйымдар өз елімізде ғана емес, шет елде өткен көрмелерге қойылып жүр. Оның қолынан шыққан қалқан, сандық қамшы, белдік, домбыра сияқты заттардың әрқайсысы жеке бір туынды.

АСХАТ БОЗЫМБАЙ, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ:

Қазақтың батырлары ұстаған қалқан жасап жатырмын. Бұл қалқан өзі жасау технологиясы да ерекше. Бірінші мына қалқанның ішіндегі темірді соғып алып, сыртын қайыспен қаптап жасаватырмыз. Қазір енді бұның 50 пайыздай жұмысы бітіп тұр.

Асхаттың жұбайы Гаухар да қолөнерден алыс емес. Ісмер. Ұлттық киімдер тігеді. Көрмелердің бірінде ол шеберлік сағаттарын өткізіп, өз білгенін жұрт назарына ұсынды.

ГАУХАР ҚАНАТБАЕВА, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ:

Жылдан жылға бағалап, жаңағы жақындап, оны тұтынуға пайдалануға тырысып бағуда. Ал шетелдіктердің қызығушылығы одан да зор. Себебі ол кісілер табиғи нәрсені өте жақсы көреді. Соның ішінде киізден жасалған бұйымдарды жақсы көреді. Қанша көрмелерге шығып жүрміз, қанша жерлерге барып жүрміз. Сол кезде шетелдің азаматтары кездессе бірден танып жатады қазақтың ұлттық бұйымдарын және табиғи таза нәрсе екенін бағалап жатады.

Ұлттық құндылықтарымызщды ұлықтауды жамбылдықтар да ескерусіз қалдырмайды. Онда жобалық құны 935 миллион теңге болатын «Көксай» киіз үй қалашығы салынбақ. Дәл қазір эскизі дайындалып, жобалау жұмыстары жүріп жатыр. Айта кету керек, бұған дейін кәсіп иелері туристерді кәдімгі қазақы үйлерде қабылдап келген. Бірақ қалашық теңіз деңгейінен 2300 метр биіктіктегі таулы аймақта орналасқандықтан, ауа-райына байланысты қолайсыздау еді. Сондықтан жоба авторлары заманауи кешен салуды көздеп отыр. Бұл жыл он екі ай бойы жұмыс істеуге мүмкіндік бермек. Айтуларынша EXPO-2017 көрмесіне дейін кешеннің бір бөлігі іске қосылады.

БАЛАГҮЛ МАХАТОВА, ТУРИСТІК КОМПАНИЯ ӨКІЛІ:

Саудагерлер жүрген керуен сарай сияқты болады. Төткүл сияқты. Ішінің бәрі қазіргі заманға сай жабдықталады. 12 километр жолды Батыс Еуропа- Батыс Қытай трассасынан әрі қарай жүргізіп беруге іс-шараға кіргізіп қойған. Жол жүрсе де, жүрмесе де, биыл EXPO-ға офицальный туроператормыз. Сондықтан біз шетелдіктерді, бізге келген адамдарды қабылдай береміз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер