Заманауи оқырманға – заманауи кітапхана. Кітап оқуға уақыт таба алмай жүргендер үшін оңтайлы шешім. Қазақстандағы мемлекеттік электронды кітапхана қоры отандық және шетелдік ақын-жазушылардың туындыларын ұсынады. Шығармалар кітапсүйер қауымға қолжетімді. Арнайы сайтқа кіріп немесе мобильді қосымшаны қолдансаңыз болғаны.

ЖҰЛДЫЗАЙ НАҚЫПОВА, ОҚЫРМАН:

Кітапханаға келуге әркімнің мүмкіндігі бола бермейді ғой. Өзім осы қосымшаны қолданамын. Өте ыңғайлы. Жақында ғана Агата Кристидің «Десять нигритят» деген кітабын оқып шықтым. Маған осындай детектив жанр ұнайды.

Еліміздегі электронды кітапхана жобасы 2007-жылы құрылған. Бүгінде электрондық құжат саны 32 мыңға жуықтады. Қордан әдеби шығармалармен қатар, ғылыми мақалалар, қолжазбалар, 200-300 жылдық тарихы бар өте сирек кездесетін көне еңбектерді де табуға болады. Сонымен қоса, қазақтың ән мен күйін де тыңдауға мүмкіндік бар.

ЕЛЕНА ВЬЮГОВА, ЖОБАНЫ ӘЗІРЛЕУШІ:

Ұлттық электрондық кітапхананы тек мобильдік қосымша деп түсінбеу керек. Ол кітапхананы жұмысын жаңа технологияға көшіруде, автоматтандыруда ауқымды роль атқарады. Оқырман кітапты 3Д  форматта оқи алады. Сонымен қоса, көзі нашар көретіндердің мүддесін ескердік.

Бүгінде Қазақстанның Ұлттық электрондық кітапханасы мен оның қосымшасы  әлемнің 100-ден артық елінде қолданылады.

Ал кітапты қолына алып, парақтап отырып оқуды қалайтындар үшін «Еркін кітап сөресі» жобасы іске қосылды. Алматы метросындағы кітап алмасу науқаны айтарлықтай ауқымды. Мұнда «Оқы да, өзгеге бер» деген қағида басшылыққа алынған. Ақын Шоқан Мұратхан «Еркін кітап сөресіне» ең алғашқылардың бірі болып өз кітабын ұсынды.

ШОҚАН МҰРАТХАН, АҚЫН:

Кітаптан үлкен қазына жоқ. Қазіргі заманда, кітапқа адамдар салқын қараған ғасырда осындай кітап алмасу бұрышын ашып, оған жаңағы гиндердің үйінде оқылып болып, жатып қалған кітаптарды бір-бірімен алмасып оқуға жағдай жасаған  осы бір іс-шара құптарлық іс.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер